Жексенбі, 14 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

8 Қараша, 2025
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ҚР ЖИЦДМ, желілік технологиялар мен киберқауіпсіздік саласындағы жаһандық көшбасшы Cisco компаниясы жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер, цифрлық трансформация салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсімі C5+1 форматындағы бизнес-конференция барысында өтті. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Cisco компаниясының мемлекеттік органдармен стратегия жөніндегі аға вице-президенті Джефф Кэмпбелл қатысты.

Меморандум алдағы бес жыл ішінде ЖИ инфрақұрылымын дамыту, құзыреттерді арттыру және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруды көздейді.

«Бүгін қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум Cisco-ның Қазақстанмен ынтымақтастығын тереңдетіп, ЖИ негізіндегі цифрлық трансформация стратегиясын жеделдетуге мүмкіндік береді. ЖИ экожүйесінің табысты дамуы Cisco технологияларының өзегі болып саналатын сенім мен қауіпсіздікке негізделеді. Біз Қазақстанның ЖИ және инновация саласындағы мақсатын қолдауға дайынбыз, бұл елдің ұзақ мерзімді экономикалық табысына ықпал етеді»,- деді Cisco компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл стратегиясы жөніндегі аға вице-президенті Джефф Кэмпбелл.

Меморандумға қол қою екі тараптың ұзақ мерзімді серіктестікке және киберқауіпсіздік, цифрлық мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау және ұлттық ақпараттық платформаларды дамыту бағыттарында жаңа технологиялық мүмкіндіктерді бірлесе жүзеге асыруға деген ниетін растады.

«Қазақстанның озық технологияларды дамыту және енгізуге деген ұмтылысын жоғары бағалаймыз және осы ынтымақтастық аясында ұлттық маңызы бар бастамаларды әрі қарай қолдауға дайынбыз»,- деді Cisco компаниясының Түркия, Румыния және ТМД бойынша басқарушы директоры Дидем Дуру.

ҚР ЖИЦДМ баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жетісуда деструктивті контент таратқан 7 азамат анықталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
931
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
771
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.