Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Панфилов ауданында қарқынды жүзеге асырылуда. Әсіресе аудан орталығы Жаркент қаласында және барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары апта сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жұмыстарға жастардың белсенді қатысуы көңіл қуантады.










