
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялықбағдарламасы аясында «Жасыл желек» республикалық ағаш егу акциясы өтті. Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуыментелекөпір байланысы арқылы өткен шара еліміздіңбарлық өңірін қамтыды. Осы күні Жетісу облысындаакцияға 15 мың адам қатысып, 8 мыңнан астам ағашегілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімініңбаспасөз қызметі.
Осы күні Талдықорғандағы орталық бассейн алаңындағы ағаш отырғызу шарасына облыс әкіміБейбіт Исабаев және жастар ұйымдарының өкілдері, эко-белсенділер қатысты. Спорт нысанының алдына150 көшет егілді.
Өңір басшысы акцияға келген жастарменәңгімелесіп, олармен пікір алмасты.
— Бүгінгі жастардың өз-өзін дамытуға мүмкіндігікөп. Қазір білімділердің заманы. Гаджеттердінеғұрлым пайдалы, тиімді жағынан пайдалану керек. Әсіресе тілдерді үйренуге, ІТ-технологиянымеңгеруге көбірек көңіл бөлсеңіздер, оныңболашақта игілігін көресіздер, — деді Б. Исабаев.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, облыс көлеміндеакцияға мекеме-ұйымдар қызметкерлері, коммуналдық қызметтер, кәсіпорындар, елдімекендер тұрғындары, эко-белсенділер, еріктілермен жастар жалпы саны 15 мың адам қатысып, 125 техника жұмылдырылған, 8 мыңнан астам ағашотырғызылды.
Талдықорғандағы акцияға қатысушы жастарпікір білдірді.
— Талдықорған индустриалды колледжінің 1-курс студентімін. Бұған дейін Текелі қаласында да осындай тазалық және ағаш егу шарасынақатысқанбыз. Өзіме қоғамдық жұмыстарға қатысқанұнайды. Мұндай шараларда жастар бір-біріменараласып, танысып, жақсы орта табамыз. Әрітабиғатқа қамқорлық жасауға бірлесіп жұмыламыз. Бұл бізді ұйымшылдыққа, экологиялықмәдениетімізді қалыптастыруға көмектеседі, — деідДархан Жұмаев.
Ағаш егуге жастар ұйымдарында белсенділіктанытып жүрген оқушылар да бар.
— Мен екі жылдан бері Unisef жастар ұйымыныңмүшесімін. Өзім Назарбаев зияткерлік мектебінде10-сыныпта оқимын. Біз балалардың құқығын қорғаубағытында ақпараттандырумен айналысамыз. «JetisuJastary» ұйымымен бірге осындай экологиялықакцияларда белсендіміз. Біздің эко-волонтерлықтуралы арнайы курстарымыз бар, мүшелерімізді солкурстарла оқытамыз. Яғни әр эко-волонтер өзініңбілгенін басқаларға да айтып, жеткізіп, біліміменбөлісіп үйретеді, — дейді Нұрай Қожекенова.
Атап өтсек, осы күні Астанада «KazEcoPatrol» қоғамдық бірлестігінің волонтері Давид ВиршкиПрезиденттің қолынан Алғыс хат алды.









