Сенбі, 25 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Жазушы келді ауылға

22 Қазан, 2022
Жазушы келді ауылға
2
БӨЛІСУ
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жуырда «Қаламы қарымды қаламгер» тақырыбында Қырыққұдық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы әрі ақын Жұмабай Қожақынұлы Қайранбай мырзамен Жаркент орта мектебінің мәжіліс залында кітаппен оқырман арасын байланыстыру мақсатында кездесу кеші өткізілді.

Әуелі ауылымыздың «Ақберен» әжелер тобы қонақтарды әсем әндерімен қарсы алды. Кешті жүргізушілер сахна төріне қошеметпен жазушы Жұмабай Қожақынұлы мен зайыбы Оралхан апайды шығарды. Алғаш болып өңірімізге белгілі ақын, қажы Байырхан Әбдікәрімқызына құттықтау сөз берілді. Ақын апамыз арнау өлеңін оқып, жазушыға өзінің жыр кітабын сыйға тартып, әжелер тобымен тамаша биден шашу шашты.

Кеш барысында мектеп өнерпаздары ән айтып, би билеп қонақтарды бір серпілтіп тастады. Оқуға құштар мектеп жобасы аясында ақынның «Өлеңім – балам, көзіңді аш» атты жыр кітабынан жоғары сынып оқушылары мәнерлеп ақын өлеңдерін оқып өтті. Жиын барысында жазушыға кітапхана оқырмандарының сүйікті кітабына айналған «Бәтима» атты повесін қалай жазғаны жайында сұрақтар қойылды. Қаламгердің «Әке», «Өнермен өрілген өмір» және «Біз студент едік» кітаптарын оқыған оқырмандар өте жақсы бағалап, қалам иесіне ризашылықтарын білдірді.

Жұмабай Қожақынұлы студенттік жылдарда бірге болған Бәйділхан Балажанов, Болат Есіркегенов атты достарын таныстырып, бастан өткізген қызықты оқиғаларын баяндап, кештің көркін қыздыра түсті. Достарының айтуымен Жұмабай ағаның әншілік қырын білдік. Оқырмандардың сұрауымен әдемі дауысымен тамаша әнін тарту етті. Мектеп директоры М.Б.Әжібеков арнайы шақырылған қонақтарымызға өз алғысын білдірді. Кеш соңында жазушы өзінің көптеген кітаптарын мектеп кітапханашысы Шолпан Әукешқызына сыйға тарту етті. Кеш өте көңілді өтті.

Тамаша кездесу кеші Үлкеншыған округіне қарасты Кішішыған ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Кітапханашы және мәдени қызметкерлермен бірге «Айғаным» әжелер тобы да тамаша әнмен қонақтарды қарсы алып қошамет көрсетті. Кең көлемде Кішішыған ауылының кітапханашысы Гүлбақ Тұралықызы «Кемеңгер елдің кемеңгер қаламгері» тақырыбында ұйымдастырған жазушы шығармасымен таныстырып өтті. Қырыққұдық ауылының кітапханашысы Бақытгүл Құсайынқызы жазушының өмірбаянымен шығармашылығы жайында баяндама жасады. Әнші Қонашев Еркебұлан Дәнеш атамыздың тамаша әнін тарту етті. Қырыққұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Якупов Шавкат әдемі музыкамен көркемдеп отырды. Жазушының өлеңдерін Кішішыған орта мектебінің жоғары сынып оқушылары да мәнерлеп оқып, жазушының ыстық ықыласына бөленді. Шолақай ауылының кітапханашысы Бағдагүл Әбділдажанқызы жазушының «Бәтима» повесіндегі Бәтима апаның көзін көрген оқырманы Мырзахан Сейтбеков атаны ерте келіп таныстырып, көпшілікті таң-тамаша қылды.

Жазушының қай шығармасын алсақ та керемет жазылғандығын оқырмандар тамсана әңгімелеп өтті. Ыбрайымқұлов Тоқтасын және Ахтанов Ерұзақ ағаларымыз, Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйінің директоры Ләззат Қуатқанқызы, Салиха Ахтанова апаларымыз кездесуде тебірене сөйлеп, жазушыға жақсы тілектерін жеткізді. Бұл жерге де Жұмабай жазушы құр қол келмепті, көптеген кітаптарын оқырмандарына тарту етті.

Кездесу кешінде жазушының баспадан жаңа шыққан «Хантағы Қаратаудың құшағында» атты кітабының тұсаукесері өткізілді. Гүлдана Нұрғалиқызы арнайы сөз сөйлеп, тұсаукесер рәсіміне жазушының екі досымен бірге ақын Мустапаев Құрмаш және Айтқұрман Есімбеков ағаларымызды сахна төріне шақырды. Қорытынды сөз кезегін зейнеткер кітапханашы Амина және Гулинур апайлар алды. Олар жазушыға үлкен ризалықтарын білдіріп, арнайы шақырылған қонақтарға сый-сияпаттарын көрсетті.

Ең құнды сыйлық кітап десек, кешке қатысушылар жазушы сыйға берген кітаптарына қолтаңба алып, қаламгерге алғыстарын білдірді. Оқырмандар да осындай келелі кездесу, ақын-жазушылармен жарқын жүздесу жиі болып тұрса деген өтініштерін айтып жатты. Игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Ұлбала ӘБДІҒАЛИҚЫЗЫ

Алдыңғы мақала

Алапат күшті Арқабай палуан

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жалындап өткен жыр ғұмыр»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
365
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.