Жетісу облысы, Панфилов ауданына қарасты Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы әжелер ансамблі мүшелері №269 дауыс беру учаскесіне келіп өз таңдауларын жасады.
«Референдум деген халық таңдауы. Біз өз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін таңдауымызды жасадық. Еліміздің іргесі бүтін, келешегі кемел болуы үшін бүгін әр азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан барша жаркенттік жерлестерімізді, күллі қазақстандықтарды референдумға бір кісідей қатысуға шақырамыз», – дейді әжелер ансамбллінің мүшелері.