24 шілде күні Айдарлы ауылындағы мектепте «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау.
Шара барысында оқушылар жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы мағлұмат алып, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ адал еңбек пен заңға құрмет көрсетудің маңыздылығы жөнінде әңгіме жүргізілді.










