Сәрсенбі, 10 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу лагерьлерінде 10 мыңнан астам бала демалады

9 Маусым, 2026
Жетісу лагерьлерінде 10 мыңнан астам бала демалады
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында жазғы лагерьлер өз жұмысына кірісті. Биыл өңірдегі 10 мыңнан астам мектеп оқушысы қала сыртындағы арнайы сауықтыру орындарында тынығады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан балаларды сапалы демалыспен қамту мақсатында облыс бюджетінен 454 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Жазғы демалыс орындарында жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріліп, психологиялық дамыту сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар оқушылар әртүрлі зияткерлік, мәдени және спорттық сайыстарға қатысып, өзара бақ сынасуда.

Биылғы маусымда келген балалардың алғашқы легі демалыс орнына орналасты. Жаз соңына дейін тек осы орталықта 1800 жеткіншек тынықпақ. Лагерьде демалып жатқан оқушы Ақбота Болат:

«Лагерь өте қызық. Әртүрлі іс-шаралар өтеді. Кеше мысалы, бізде «Алтын чажа» лагерінің Ханзадасы мен Ханшайымы өтті. Сол кезде мен өз бөлімімнен шығып, бас жүлде алдым», – деді.

Тағы бір демалушы Сезім Жайлыбекқызы:

«Лагерь өте керемет. Мен өте көп дос таптым. Команданың капитаны болғандықтан бәріміз дос болып жүрміз. Асхананың тамағы өте қатты ұнады. Іс-шаралар болады. Көңілімнен шығып жатыр», – деді.

Демалыс орнының директоры Гүлжан Қожахметова:

«Біздің лагерь спорттық-сауықтыру бағытын ұстанады. Балалардың ағылшын тілін жетілдіруімен ерекшеленеді. Сонымен қатар демалыс орнындағы әрбір оқушымен психолог жұмыс істейді. Мәдени шаралар да көптеп өткізіледі», – деді.

Сала мамандары облыстағы 120 мыңнан астам оқушының 90 пайызға жоғары бөлігі жазғы демалыспен қамтылатынын мәлімдеді. Білім басқармасына қарасты Ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Бари Ғизатов:

«Әр лагерьлерде камералар орнатылған. Күзет жұмыс істейді. Балаларды тәрбиешілер қадағалайды. Одан басқа тамақ жағынан таңертеңгі тамақ, түскі ас, кешкі асты СЭС үнемі қадағалап отырады. Балалардың жай-күйімен ата-аналар да танысып тұрады», – деді.

Текелі қаласының тұрғыны Эльмира Иманбердиева демалыс орнына келіп, жиен немерелерінің жағдайын біліп қайтты. Эльмира Иманбердиева:

«Біздің Текеліні кішкентай Швейцария деп атайды. Себебі керемет өзен ағып жатыр. Табиғат аясында керемет демалыс болып жатыр. Балаларымыз таза ауада демалса керемет мықты азамат болатынына сенімдімін. Балаларымызға қатты ұнап жатыр», – деді.

Аймақта жалпы 10 жазғы лагерь бар. Алакөл ауданындағы демалыс орны ескіруіне байланысты күрделі жөндеуге жабылып, қазіргі уақытта облыс бойынша 9 лагерь жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар өңірдегі 300-ге жуық мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған арнайы орталықтар ашылды. Аталған мекемелерде биыл 116 мыңнан астам жеткіншекті жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр.

Алдыңғы мақала

Жетісу петроглифтері мен Жаркент мешіті ЮНЕСКО тізіміне енбек

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда парапланнан Әлем кубогы өтеді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
553

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.