Сейсенбі, 9 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісу мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

27 Тамыз, 2025
Жетісу мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізіледі. Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2025 жылғы №320 қаулысындағы өзгерістерге сәйкес білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарына бірқатар жаңашылдықтар орын алды. Осындай ақпаратпен Білім басқармасы басшысының орынбасары Әли Солтанбеков пен Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірлескен жұмысының нәтижесінде балалардың жас ерекшеліктері мен физиологиялық қажеттіліктеріне бейімделген жаңартылған ас мәзірі әзірленді.

Жаңа стандартта ақуыздар, майлар мен көмірсулардың оңтайлы арақатынасы, сондай-ақ дәрумендер мен микроэлементтердің құрамы ескерілген ғылыми негізделген ас мәзірі қарастырылған. Сондай-ақ, перспективалы төрт апталық маусымдық мәзір жасалады.

Мәзірден газдалған сусындар, чипсы,  фастфуд өнімдері, майонез, маргарин және басқа да зиянды тағамдар алынып тасталды. Қант пен тұз тұтыну деңгейі шектеліп, күнделікті көкөніс пен жеміс-жидек пайдалану нормалары енгізілді.

Рационға  ет, балық және құс етінен дайындалған тағамдар, сүт өнімдері мен компоттар енгізілді. Дайындау барысында қайнату, бұқтыру, пісіру және буға пісіру секілді үнемді тәсілдер қолданылады.

Тағамдық аллергиясы бар, сондай-ақ глютен мен лактозаны көтере алмайтын балалар үшін арнайы диеталық мәзірлер қарастырылған. Мектептерде әкімшілік, медицина қызметкерлері және ата-аналар комитеттері өкілдері қатысатын бракераждық комиссиялар жұмыс істеп, тамақ сапасына тұрақты бақылау жүргізіп, қанағаттанушылық мониторингін қамтамасыз етеді.

Жетісу облысының тұрғындары мектеп асханаларындағы бұзушылықтар туралы «E-Өтініш» порталы арқылы фото немесе бейнематериалдарды қоса тіркей отырып хабарлай алады.

Алдыңғы мақала

Алаяқтар жаңа тәсілге көшті: Жасанды дауыс пен deepfake-тен сақ болыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда бизнес-қауымдастықпен өткен дөңгелек үстелде МӘМС туралы заңға енгізілген негізгі өзгерістер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.