Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысы: Алакөл жағалауында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған лагерь жазғы маусымын бастады

25 Маусым, 2026
Жетісу облысы: Алакөл жағалауында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған лагерь жазғы маусымын бастады
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының Ақши ауылында «Жансая» сауықтыру лагері жазғы маусымын бастады. Алакөл көлінің жағалауында орналасқан бұл лагерьде ерекше қажеттілігі бар балалар толыққанды демалумен қатар қолайлы жағдайда кешенді оңалтудан өтуге мүмкіндік береді. Жалпы, өңірде қала сыртындағы 9 сауықтыру лагері болса, бүгінгі күнге соның 8-і өз жұмысын бастады. Оларда 2500 бала демалуда, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жазғы лагерь «Оңалту бөлімі бар «Жансая» күдізгі болу орталығы» КММ базасында жұмыс істейді. Аумағы 26 сотық жерде жалпы аумағы  415 шаршы метрден асатын үш заманауи жайлы ғимарат бар. Лагерь бір мезгілде 32 адамды қабылдай алады. Жазғы маусымдағы тоғыз ауысымда 288 адамды сауықтыру жопарланып отыр, яғни оның 144-і балалар және 144-і олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері.

– Бұл мекеменің негізгі мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, оларды әлеуметтендіру және шығармашылық әлеуетін дамыту. Мамандар әр баланың жасын, денсаулық жағдайын және даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке бағдарлама әзірлейді. Сонымен қатар демалыс кезінде балалар су терапиясы, емдік дене шынықтыру, арт-терапия, музыка және ойын терапиясы сабақтарына қатыса алады. Балалардың жайлы демалуы үшін аумақта ойын алаңдары, демалыс аймақтары, жазғы асхана, душ бөлмелері мен санитарлық тораптар жабдықталған, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

«Оңалту бөлімшесі бар «Жансая» күндізгі болу орталығы» КММ директоры Берік Серғазиннің айтуынша, лагерь балалардың қабілеттерін ашуға, жаңа достар табуына, өмірде қажетті, пайдалы дағдыларды меңгеруіне көмектеседі.

– Біздің тәрбиеленушілеріміз үшін лагерь – жай ғана демалыс орны емес. Мұнда олар қарым-қатынас жасауды үйреніп, өз бетінше әрекет етуге дағдыланады, өздеріне деген сенімділігін арттырады, жаңа әсер, жағымды эмоциялар алады. Тәрбиеленушілерге олардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген диеталық мәзірді қоса алғанда, күніне алты рет тамақтану ұйымдастырылған. Жалпы, біздің басты міндетіміз – әрбір балаға қамқорлықпен қарау, назар аударып, қолдау, – деді мекеме басшысы.

Тәрбиеленушілердің ата-аналары мен заңды өкілдері де лагерь жұмысына оң баға беруде. Олардың айтуынша, бағдарламаға қатысу балалардың дамуына оң әсер етіп, денсаулығын нығайтуға және қарым-қатынас аясын кеңейтуге ықпал етеді.

— Көксу ауданындағы «Үміт» күндізгі болу орталығынан Алакөлге 7 бала арнайы сауықтыруға келді. Мен солардың бірінің заңды өкілімін. Біздің Никита осы лагерьге биыл 4-ші жыл қатарынан келіп отыр. Алакөлдің шипалы суынан жақсы ем аламыз. Су терапиясямен қатар ойын терапиясы да жақсы әсер етуде. Балалардың судан қорқатын әдетін жеңуге, жалпы қорқынышын басуға көп көмектесті, — балалардың бірінің заңды өкілі Бақытгүл Тайтиева.

Биыл Жетісу облысы бойынша шамамен 117 мың баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 106 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлерде демалса, 10 мыңнан астам бала қала сыртындағы сауықтыру орталықтарында жазғы демалысын өткізеді.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тіл тазалығы – журналист беделі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.