Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: 148 елді мекеннің жолдары жөнделді

29 Мамыр, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: 148 елді мекеннің жолдары жөнделді
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы құрылғаннан бергі 4 жыл ішінде өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 1610,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Оның 660,4 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болса, 148 елді мекеннің 950,2 шақырым ішкі көшелері жөнделді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл өңірде облыстық жолдар мен елді мекен көшелерінің 212,6 шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жобаларда 38 елді мекен қамтылады. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін нормативтік жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 96%-ға жеткізу көзделген.

Айдос Досжановтың айтуынша, ірі жобалардың бірі – «Талдықорған – Үштөбе» автожолының 40 шақырымдық учаскесі. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолдың 49-шақырымынан бастап ескі асфальт жабындысы фрезерленіп, су өткізу құбырлары ауыстырылуда.

– Бүгінгі күні шамамен 28 700 ш.м. асфальт жабыны фрезерленді. Жол төсемі екі қабаттан тұрады: төменгі қабатының қалыңдығы – 6 см, жоғарғы қабаты – 4 см. Сонымен қатар 13 су өткізу құбырын ауыстыру жұмыстары қатар атқарылуда, оның 12-сі толық орнатылып, топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр. 11 учаскеде көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді. Нысанда 37 арнайы техника мен 34 жұмысшы жұмылдырылған, — деді ол.

Бақыт Жанділовтың айтуынша, маусым айының басынан бастап жолдың 49-43 км аралығында асфальттың төменгі қабатын төсеу жұмыстары басталады. Жұмысты атқаруға қосымша 15 жұмысшыдан тұратын арнайы бригада және 40-қа жуық арнайы техника тартылады. Мердігер ұйымның өзіне тиесілі карьері, ұсақтау қондырғысы және асфальт зауыты бар.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында Балқаш көлінің жағалауына апаратын автомобиль жолын реконструкциялау, 15 апатты көпірді жөндеу, сондай-ақ Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту жөнінде тапсырмалар берілген болатын.

Тапсырмаларды іске асырудың нәтижесінде қазіргі таңда «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автомобиль жолын реконструкциялау жобасының 35–110 шақырым аралығында 105 шақырым жолға үш қабатты асфальтбетон жабыны толық төселіп, автокөлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта жол жиегін бекіту, геотор орнату, жол белгілерін қою, демалыс алаңдарын жасау және жол таңбаларын сызу секілді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда мердігер ұйым жолдың негізін дайындау және су өткізу құбырларына арналған бетон бұйымдарын жеткізу жұмыстарын атқаруда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2025–2027 жылдар.

15 апатты көпірді жөндеу жұмыстарына келсек, 2025 жылға дейін Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Сарқан, Қаратал аудандарындағы 5 көпірдің күрделі жөндеуі толық аяқталды. Ал 2025 жылдан бастап қалған 10 көпірді қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Биылғы жылдың соңына дейін олардың 8-ін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 2024 жылдан бастап автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды нормативтік жағдайда ұстау мақсатында автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату жұмыстары қолға алынды. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар автожолдарда, атап айтқанда «Алматы – Өскемен – Қапал-Арасан» автожолының 31,7 шақырымында, «Талдықорған – Үштөбе» автожолының 9,7 шақырымында, Кәлпе ауылы маңындағы «Талдықорған – Үштөбе – Быжы – Мұқыры» автожолының 60 шақырымында, «Сарыөзек – Қорғас – Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ» автожолының 111 шақырымында 4 автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылған.

Сонымен қатар жол апатының алдын алу мақсатында облыстық маңызы бар жолдарда 600-ге жуық жол белгісін орнату, 1500 метр металл тосқауыл қоршауларын монтаждау, 6 мың шаршы метр жол және жаяу жүргіншілер жолағының таңбаларын жаңарту, автобус аялдамалары мен қоқыс жәшіктерін орнату, сондай-ақ 34 мың шаршы метр аумақта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Айдос Досжановтың айтуынша, автомобиль жолдарында көлік қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету – өңірді дамытудың басты басымдықтарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс басшылығының тұрақты бақылауында.

Жалпы, Жетісу облысындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 4035 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1050 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар, ал 2985 шақырымы – жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Области Жетісу – 4 года: отремонтированы дороги в 148 населенных пунктах

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

КАЗАХСТАНСКИЕ СПОРТСМЕНЫ СОТВОРИЛИ ИСТОРИЮ НА ЧЕМПИОНАТЕ МИРА WORLDS В США

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.