Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: шағын, орта бизнестің 1600-ге жуық жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді

29 Мамыр, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: шағын, орта бизнестің 1600-ге жуық жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді
2
БӨЛІСУ
30
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, субсидиялау, кепілдендіру және гранттар беру арқылы қолдау көрсетілуде. Облыс құрылғаннан бері мемлекеттік қолдау шараларымен жалпы 1568 шағын және орта бизнес жобасы қамтылды. Сол қатарда өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, көлік-логистика салалары, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік бағытындағы жобалар бар. Бұл өз кезегінде инклюзивті және арнайы білім беру саласының дамуына оң ықпал етті. Мәселен, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау орталықтары Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданында ашылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша өңірде инклюзивті біліммен қамтылған балалар саны 6 278-ге жетті. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда шамамен 1550 бала тәрбиеленсе, жалпы білім беретін мектептерде 4 500-ден астам оқушы білім алуда. Сонымен қатар колледждерде 231 студент оқиды.

Соңғы жылдары ерекше балалармен жұмыс жүргізетін мамандар саны да артып келеді. Бүгінде өңірдегі жалпы білім беретін мектептерде 406 арнайы педагог еңбек етеді. Олардың қатарында 213 дефектолог, 166 логопед, 7 тифлопедагог және 20 сурдопедагог бар. Бұдан бөлек, балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін 221 педагог-ассистент пен 535 психолог жұмыс істейді.

Арнайы білім беру бағытына келсек, бүгінде өңірде 19 арнайы білім беру ұйымы бар. Онда 350-ден астам бала білім алуда. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, өңірде мемлекеттік тапсырыс негізінде түзету жұмыстарын атқаратын бірқатар жекеменшік мекемелер ашылған. Олардың қатарында Талдықорған қаласы мен Панфилов ауданындағы түзету және дамыту орталықтары бар.

– Мамандығым дефектолог, білім беру саласында 10 жылдан бері еңбек етіп келемін. 2023 жылдан бастап әлеуметтік кәсіпкер ретінде жеке жобамды бастадым. Сол уақыттан бері балаларға арналған оқу орталықтарын ашып, ұжыммен бірге қосымша білім беру саласында жұмыс істеп келеміз. Басты мақсатымыз – балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік жасап, олардың болашаққа сеніммен қадам басуына жағдай туғызу. Ерекше балаларға арналған алғашқы орталығымыз Жаркент қаласында ашылды. Ал биылғы жылдың наурыз айында Талдықорған қаласында тағы бір орталықты іске қостық. Мемлекеттен берілген 5 млн теңге көлеміндегі грант бізге үлкен қолдау болды. Бұл қаражатқа қажетті жиһаздар сатып алынды. Қазіргі таңда екі орталықта шамамен 250 бала білім алуда. Әлеуметтік тапсырыс аясында мұндағы сабақтар тегін өткізіледі, – дейді Панфилов ауданындағы түзету және дамыту орталығының директоры, әлеуметтік кәсіпкер Динара Қалиақпарова.

Қазіргі таңда екі орталықта шамамен 60 адам жұмыс істейді. Олардың қатарында дефектолог, логопед, психолог, емдік дене шынықтыру (ЛФК) маманы және бейімделген дене шынықтыру нұсқаушысы сияқты арнайы мамандар бар. Олар жасқа толмаған сәбилерден бастап 18 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жүргізеді.

Алдағы жоспарлары туралы айтқан әлеуметтік кәсіпкер:

– Келесі қадамымыз – арнайы балабақша ашу. Қажетті материалдық-техникалық база толық дайын. Болашақта арнайы мектеп те ашқымыз келеді. Яғни ерекше балаларды мектепке дейінгі жастан бастап үздіксіз даярлау жүйесін қалыптастырғымыз келеді. Біздің басты міндетіміз – ерекше балалардың қоғамға бейімделуіне, білім алып, өз мүмкіндіктері мен таланттарын ашуына көмектесу. Сондықтан мен дәл осы әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысуды таңдадым. Мақсатым — тек табыс табу емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосу. Оның үстіне мемлекет бастамашыл әрі әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлерге барлық қажетті қолдауды көрсетіп отыр, – деп түйіндеді сөзін Д. Қалиақпарова.

Жаркент қаласындағы орталықта сабаққа қатысатын Ескендірдің анасы да өз пікірін білдірді:

– Ұлым 3 айлық кезінде күрделі ота жасалды, бұл оның дамуына әсер етті. Үш жасқа дейін сөйлеген жоқ. Үйде жүргізген сабақтар мен бассейн де көмектеспеді. Кейін невропатолог бізге арнайы орталықта оқып көрген жөн деп кеңес берді. Өткен жылдың қазан айынан бастап ұлым «Таным» орталығына бара бастады. Бір айдан кейін-ақ оң өзгерістерді байқадық. Қазір Ескендір сөйлейді, жазады, оқиды, ағылшын тілін үйреніп жүр. Сонымен қатар шығармашылық қабілеті де ашыла түсті. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, орталық қызметкерлеріне қажырлы еңбектері мен өз істеріне деген жауапкершіліктері үшін алғысымды білдіремін, – дейді Жаркент қаласының тұрғыны Гүлзара Нұрахын.

Жалпы, Жетісу облысында инклюзивті және арнайы білім беру жүйесін жетілдіру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру және олардың сапалы білім алуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Алдыңғы мақала

В Астане проходит очередное заседание Высшего Евразийского экономического совета

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Области Жетісу – 4 года: мерами государственной поддержки охвачено порядка 1600 проектов МСБ

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.