Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 5-ші өрт cөндіру бекеті ашылды

25 Маусым, 2026
Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 5-ші өрт cөндіру бекеті ашылды
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының Көшкентал ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – өңірде аталған бағдарламамен ашылған 5-ші бекет, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Қанат Алтынбековтің айтуынша, шалғай жерлерде жедел әрекет ететін қызметтің болуы аса маңызды. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдай министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының арқасында төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артып отыр. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының басты мақсаты – шалғай ауылдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және халыққа дер кезінде көмек көрсету жүйесін жетілдіру.

Жаңа нысан іске қосылған Ақсу ауданы Көшкентал ауылдық округінде 1350-ден астам адам тұрады. Бұған дейін төтенше жағдай орын алғанда арнайы қызметтердің ауылға жетуіне белгілі бір уақыт қажет болатын. Енді жаңа өрт сөндіру бекетінің іске қосылып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын арттыруға жағдай жасалып отыр.

Жаңа нысанның ашылуына куә болған Көшкентал ауылының тұрғыны Салтанат Жүнісова бұл бастаманың аса маңызды екенін айтады.

– Біздің ауылдың тұрғындары үшін бұл – үлкен қуаныш. Өрт бола қалған жағдайда алыстан көмек келгенше не болады деп алаңдайтынбыз. Енді өз ауылымызда өрт сөндіру бекетінің болғаны көңілге сенім ұялатады. Балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін де мұндай нысандар керек, – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Төтенше жағдай министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өткен жылы Ескелді ауданының Ақсын Сара ауылында, Қаратал ауданының Алмалы ауылында, биыл Кәлпе, Көпбірлік ауылдарында ашылған болатын.

Алдыңғы мақала

Әділетті қоғамның негізі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В области Жетісу в рамках программы «Ауыл құтқарушылары» открыт 5-ый пожарный пост

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.