Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында балық аулауға уақытша тыйым салынады

24 Сәуір, 2025
Жетісу облысында балық аулауға уақытша тыйым салынады
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында көктемгі уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға уақытша тыйым салу тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында балық ресурстарын сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Балық ресурстарының табиғи көбеюіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады.

2025 жылы келесі мерзімдерде балық аулауға тыйым салынады:

• Іле өзенінің жоғарғы ағысында (Шарын өзенінің сағасынан ҚХР шекарасына дейін) – 25 наурыздан 5 шілдеге дейін.
• Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері мен Балқаш көліне құятын басқа да өзендерде – 15 сәуірден 1 маусымға дейін.
• Балқаш көлінің өзінде – 25 сәуірден 10 маусымға дейін.
• Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдері және олармен байланысты өзендер мен шығанақтарда – 25 сәуірден 16 маусымға дейін.

Заңға сәйкес, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты аталған мерзімдер 15 күнге дейін өзгертілуі мүмкін. Осыған орай, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде бірқатар су айдындарында тыйым салу мерзімі 10-15 күнге ауыстырылды.

Сонымен қатар, инспекцияның үйлестіруімен жыл сайын өткізілетін «Таза су айдындары» экологиялық акциясы аясында балық аулауға тыйым салынған құралдарды жою және жағалауларды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы акция 29 наурызда басталып, оған 200-ден астам адам, 70 су көлігі және 30 автокөлік жұмылдырылды. Нәтижесінде 23 шақырымнан астам заңсыз құрылған ау құралдары алынып, жойылды.25 сәуірде Сарқан ауданында, Балқаш көлі жағалауында кезекті экологиялық акция өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Полиция департаменті өкілінің айтуынша, облыста көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғау мақсатында «Нерест-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған шара ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Оның негізгі мақсаты – браконьерлікке жол бермеу, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және балық ресурстарының табиғи көбеюіне жағдай жасау.

Атап өтейік, жыл басынан бері өңірде балық аулау қағидаларын бұзудың 33 дерегі тіркелді. Оның 7-і бойынша қылмыстық іс қозғалыпды. Жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам айыппұл салынып, төрт тонна балық тәркіленді.

Алдыңғы мақала

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жетісу облысында жүйелі шаралар қабылданып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Асылбек – алғыр азамат

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.