Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

30 Сәуір, 2026
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес  инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды. Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды,  – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, ерекше қажеттілігі бар спортшылар қатысты.

Алдымен жиналған қауымды жаңа инклюзивті нысан құрылысының басталуымен облыс әкімі құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев инклюзивті спорт орталықтарын ашу туралы тапсырма берген болатын. Соған сәйкес бүгін арнайы спорт кешенінің құрылысын бастап отырмыз. Болашақта бұл нысан 22 спорт түрінен кәсіби шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік береді. Жалпы, біздің өңірде параспорт қарқынды дамыған. Облыс құрылғаннан бері параспортшыларымыз түрлі деңгейдегі жарыстарда жалпы саны 1300-ден астам медаль иеленді. Мен барлық параспортшыларға өмірдің түрлі қиындықтарына мойымай, спортпен айналысып, Қазақстанның атын шығарып, көк туымызды желбіретіп жүргені үшін үлкен алғысымды айтамын. Біз бұдан былай да параспортты ары қарай дамытуды жалғастырамыз, – деген Бейбіт Исабаев осы жобаға қаржылай қолдау көрсеткен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына шынайы ризашылығын білдірді.

Мұнан соң сөз алған Қордың Басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева бұл орталықты салу қолжетімді ортаны қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екендігін атап өтті.

– Біз бұған дейін Астана және Қызылорда қалаларында осындай инклюзивті спорт орталықтарын салдық, бүгін үшінші болып Талдықорғанда құрылысы басталып отыр. Бұл жерде тек спортпен шұғылдану ғана емес, сонымен қатар оңалтуға арналған құрал-жабдықтар болады, медицина бөлімдері қарастырылады, өйткені ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін оның өз бекітілген стандарттары бар. Сол сияқты қордың қаржысына Үштөбеде спорт кешені салынады, – деді Л. Шыңғысбаева.

Бұдан әрі ішіне келешек ұрпаққа арналған аманат хаты бар Уақыт капсуласын салу рәсімі атқарылды.

Өз кезегінде парапауэрлифтингіден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Рио Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Раушан Қойшыбаева:

– Мұндай қолдау бізге, спортшыларға үлкен мотивация береді, күш-жігерімізді еселей түседі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы паралимпиада жаттығу орталығына кіргенде керемет қызыққан едім. Ондай залда спортшы барлық жағынан ыңғайлы болғандықтан рахаттанып тұрып жаттығу жасайды. Сол кезде бізде қашан салынады екен деп армандап едім. Бүгін, міне, сол арманымыз орындалатын күнге де жеттік. Біз алдағы уақытта да халықаралық ареналарда барымызды салып, елдің намысын абыроймен қорғай береміз, – деді ол.

Салтанатты шара соңында облыс әкімі мен Қор басшысы  спортшылармен тілдесіп, жаңа кешеннің мүмкіндіктері, бұдан бөлек қолға алынатын басқа да жобалар жайлы баяндап берді.

Жалпы ауданы 2 641 м² болатын инклюзивті спорт кешенінде әмбебап спорт залы, мамандандырылған жаттығу алаңдары, күрес және күштік дайындық залдары, оқ ату тирі, садақ ату алаңы, медициналық блок, сондай-ақ жаттығулар, жарыстар мен оңалту іс-шараларын өткізуге қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Нысан кедергісіз орта қағидаттарын ескере отырып жобаланған және бір мезгілде 150-ге дейін келушіні қабылдай алады. Ғимарат халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына бейімделген жолаушылар лифтісімен жабдықталады.

Жобаны іске асыру ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен тұрақты түрде айналысуға тартылуына, олардың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу мен қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Атап өтсек, қазіргі таңда облыстағы «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» КММ-інде спортшылар спорттың 24 түрімен шұғылданады. Соның ішінде паралимпиалық және паралимпиалық емес, сурдлимпиалық және сурдлимпиалық емес, арнайы олимпиада спорт түрлері бар. Қазіргі таңда орталықта 360 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысады. Оның ішінде 287 спортшы — спорттық атақтар мен спорттық разрядтардың иегерлері. Сол қатарда ауыр атлетикадан Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, грек-рим күресінен Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Рамазан Әбдрасіл, парапауерлифтингтен Әлем чемпионы Рахметжан Хамаев сияқты спорт жұлдыздары бар.

Жетісу облысы әкімінің бапспасөз қызметі

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.