Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында «Таза Қазақстан аясында «ECORace» экологиялық акциясы өткізілді

20 Шілде, 2026
Жетісу облысында «Таза Қазақстан аясында «ECORace» экологиялық акциясы өткізілді
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және азаматтарды, әсіресе жастарды табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға бағытталды. Іс-шара қоғамда экологиялық сананы нығайтып, туған жер табиғатына деген жанашырлық көзқарасты қалыптастыруды көздеді.

«ECORace» шарасы Балқаш көлінің жағалауында өтіп, көпшіліктің белсенді қатысуымен ерекшеленді. Шара барысында арнайы белгіленген старт нүктесінде қатысушыларға экологиялық акцияның мақсаты мен маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілді. Әрбір қатысушыға қолғаптар мен қоқыс жинауға арналған арнайы қаптар салынған қаптар табысталды.

Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша ұйымшылдықпен қозғалып, көл жағалауы мен жол бойындағы қоқыстарды жинап, оларды финиш нүктесіне жеткізіп тапсырды. Нәтижесінде, автомобиль жолы мен жаңалаудың бойы айтарлықтай тазартылып, қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.

Табиғатты қорғауға деген ортақ ұмтылыс, бірлік пен ынтымақтастық іс-шараның басты жетістіктерінің біріне айналды. Қатысушылар өздерінің туған жеріне деген жанашырлығын іс жүзінде көрсетіп, экологиялық мәдениеттің маңыздылығын тағы бір дәлелдеді.

— Бұл шара қоршаған ортаны қорғау тек бір реттік акция емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін айқындаған маңызды бастама болды. Сонымен қатар, жоба демалыс аймақтарын таза ұстауға, табиғатты құрметтеуге және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталды. «ECORace» экологиялық шарасы «Таза Қазақстан» идеологиясын кеңінен дәріптеп, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосты, – деп атап өтті Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.

Алдыңғы мақала

В рамках «Таза Қазақстан» в области Жетісу проведена экологическая акция «ECORace»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.