Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында «Taza Post – Алакөл» экологиялық акциясы өткізілді

18 Тамыз, 2026
Жетісу облысында «Taza Post – Алакөл» экологиялық акциясы өткізілді
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында Алакөл ауданы, Ақши ауылында «Taza Post – Алакөл» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – Алакөл көлінің табиғи тазалығын сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және демалушыларды табиғатты қорғауға бағытталған нақты іске тарту. Экологиялық бастама арқылы көл жағалауындағы тазалықты қамтамасыз ету, табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту және тұрғындар мен демалушылардың экологиялық мәдениетін арттыру көзделді.

Акция барысында арнайы нүкте ұйымдастырылып, демалушыларға экологиялық бокс түріндегі қажетті құралдар ұсынылды. Бокстардың құрамына қоқыс жинауға арналған қолғаптар мен қаптар енгізіліп, балалар үшін шағын сыйлықтар да қарастырылды.

Қатысушылар берілген құралдарды пайдалана отырып, Алакөл көлінің жағалауы мен оған іргелес аумақтардағы шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарына атсалысты. Демалушылардың белсенді қатысуы қоршаған ортаны таза ұстау мәселесіне деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.

— Іс-шара барысында қатысушыларға қоршаған ортаны ластамау, қоқысты арнайы орындарға тастау және демалыс орындарын бастапқы тазалық күйінде сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте акция тек бір күндік тазалық жұмыстарымен шектелмей, экологиялық жауапкершілікті күнделікті әдетке айналдыруға бағытталды, – деп атап өтті Жетісу облысы бойынша «Қазақстан студенттерінің альянсы» омбудсмені Қызайбай Ақерке Досымханқызы.

«Taza Post – Алакөл» акциясы аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде көл жағалауының бірқатар аумақтары қоқыстан тазартылып, демалыс орнының санитарлық және эстетикалық жағдайын жақсартуға үлес қосылды.

Алдыңғы мақала

Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В области Жетісу проведена экологическая акция «Taza Post – Алакөл»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.