Сенбі, 25 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту жалғасады

6 Наурыз, 2023
Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту жалғасады
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Туризмді тұрақты дамыту – экономиканың негізгі бағыттарының бірі. Жетісудың табиғи-климаттық жағдайы туризмнің сан түрін өркендетуге қолайлы. Соның ішінде рекреациялық, мәдени-тарихи, емдеу-сауықтыру, спорттық, эко- және агротуризмді дамытуға мүмкіндік бар. Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, осы мақсатта қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы жылдары да жалғаспақ, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Алакөл және Рай көлдері жағалауларында, Тамшыбұлақ бұлағы, «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумақтарында және басқа да танымал туристік орындарда шағын сәулеттік формалар, орындықтар, бағыттағыш белгілер қою, абаттандыру бағытындағы басқа да жұмыстар атқарылады, сол сияқты «Сиверс алмасының гүлдеуі», «Алакөл қанаты», «Koksu Water Fest» сияқты танымал фестивальдар түрінде оқиғалы туризмді дамытуға ден қойылуда.

Мәселен, «Алтынемел» ұлттық паркі аумағында экологиялық туризмді дамыту бағытындағы инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Қазіргі кезде онда шолу алаңы, самалжай, кемпингтер, ақпараттық қалқандар, навигациялық бағыттағыш белгілер, құрғақ әжетхана орнатылған. Визит-орталық салына бастады, 2023 жылдың ақпан айында аяқталуы тиіс. Жұмыс аяқталғанда салынған инвестиция көлемі 2 млрд. теңге болады деп күтілуде. Жобаның инвесторы мен іске асырушысы – «QazaqGeography» РҚБ мен «Assemtal» ЖШС заңды тұлғалар консорциумы.

Сол сияқты Сарыбұлақ ауылынан «Алтынемел» МҰТП №1 БӨП-ге дейінгі қиыршық-тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Бұл ретте 2022 жылдан Шеңгелді – Қапшағай с/з автожолына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні автожолдың 5 шақырымы жөнделді. Осы жылдың наурыз айынан жөндеу жұмыстары қайта жанданады. «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркіне көлікпен баруға қолайлы жағдай жасау үшін ұзындығы 20 шақырым болатын «Тополевка-Жалаңаш» автокөлік жолына жөндеу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны – 281 млн. теңге. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың қазан айы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының облысқа келген сапарында экологиялық туризмді дамыту, Қора шатқалына туристерге көлікпен баруға қолайлы жағдай туғызу туралы берген тапсырмаларын орындау мақсатында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолға жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға бюджеттік тапсырыс дайындалуда. Сонымен бірге Ескелді ауданы мен Текелі қаласы аумақтарындағы «Tekesu Outdoor Сenter» тау-шаңғы курортының іргесін кеңейту жобасын іске асыруға жағдай жасау үшін тау-шаңғы курортына алдағы уақытта шаңғы-биатлон кешенін салуға қажетті инфрақұрылымның құрылысы жөнінде Жол картасы әзірленді.

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, Жетісу облысының туристік әлеуетін ілгерілету үшін қазақстандық және халықаралық туристік көрмелерге, роуд-шоуларға қатысу, отандық және шетелдік туристік компаниялар өкілдеріне арналған В2В форматында воркшоп ұйымдастыру, облыстағы туризм саласы өкілдері үшін оқыту курстарын, мастер-кластар, семинарлар өткізу, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Ескелді аудандарындағы, Текелі қаласындағы туристік локацияларда, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» МҰТП аумақтарында ақпараттық турлар ұйымдастыру, сол сияқты балалар мен жасөспірімдер туризмін қолдау, туристік саланы цифрландыру, брендталған жарнамалық өнімдер дайындау мен шығару жұмыстары жоспарланған.

P.S. Жазиралы Жаркент өңірінде туризмді дамытудың нақты қандай шаралары жасалып жатыр? Әлемдік тарихта ойып тұрып орын алар Орбұлақ пен жеті ғасыр жасаған Әулиеағашымыз, қашқан жау бір-ақ түнде қара жолға айналдырған Қашама мен ыстық буы жер қойнауынан атқылаған Керімағашымыз, алып таудың тұп-тұнық көз жасындай Қазанкөліміз, қысқы спорт түрлеріне қолайлы Арқас тауымыз, қала берді шегесіз салынған Жаркент мешіті секілді көпшілікке көзайым етіп ұсынатын орындар бізде де жеткілікті емес пе?…

Алдыңғы мақала

Ауылда да әртіс бар

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алапат күшті Арқабай палуан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
365
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.