Жұма, 9 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеуде

7 Қазан, 2026
Жетісу облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеуде
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында жастарды жұмыспен қамту, кәсіби бағдарлау және мемлекеттік қолдау шараларына тарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. «Отбасының цифрлық картасы» деректеріне сәйкес, жыл басынан бері өңірдегі NEET санатындағы жастардың саны 61%-ға – 7 219 адамнан 2 792 адамға дейін қысқарды.

Бұл нәтижеге мемлекеттік органдардың, мансап орталықтарының және жастар ұйымдарының атаулы жұмыстарының арқасында қол жеткізілді. Өңірде 14 пен 35 жас аралығында 186 мыңнан астам жас тұрады. Оның 100 мыңнан астамы ауылдық жерлерде. Осыған байланысты жастарға тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Жастарды қолдаудың тиімді құралдарының бірі – Талдықорған қаласында жұмыс істейтін «Jastar INFO» консультациялық пункті. Мұнда жастар бос жұмыс орындары, мемлекеттік қолдау шаралары, білім алу және жеке кәсіп ашу мүмкіндіктері туралы қажетті ақпарат ала алады. Пунктке күн сайын орта есеппен 6-7 жас келеді. Қазіргі таңда NEET санатындағы жастар үшін 263 бос жұмыс орны ұсынылған.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін жастардың нақты мысалдарынан көруге болады. Мәселен, жас кәсіпкер Анель Елубаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, Талдықорған қаласында балалардың концерттік костюмдерін, киімдерін және ұлттық нақыштағы бұйымдарды тігу және жалға беру бойынша кәсібін ашқан.

Жастарды мамандығына сәйкес жұмыспен қамту бағытында да нақты нәтижелер бар. Нурила Нурбол жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін қалалық Мансап орталығына жүгініп, бір ай ішінде «Жетісу» телеарнасына жұмысқа орналасты. Ал Алмаз Токтасын «Jastar INFO» консультациялық пунктіне жүгініп, тиісті бос жұмыс орны туралы ақпарат алып, қазіргі уақытта мемлекеттік мекемеде жүргізуші болып ресми жұмыс істеп жүр.

Жастар кәсіпкерлігін қолдау да маңызды бағыттардың бірі. Өткен жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 10 жобаға қолдау көрсетілді. Олардың қатарында сүт өңдеу, балалар киімін тігу, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасау, балық шаруашылығын және агроэкотуризмді дамыту жобалары бар. Гранттардың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 38 млн теңге бөлініп, жобаларды конкурстық іріктеу жүргізілуде.

Жастарды жұмыспен қамтуда Талдықорған қаласының Мансап орталығының жұмысы да маңызды. Биыл жастар орталықтарымен бірлесіп 380 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 60%-дан асты.

Сонымен қатар, өңірде жұмыс берушілермен жұмыс орындарын ұсыну бойынша 100 меморандум жасалды. «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы 635 жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Бұл бағытқа облыстық бюджеттен 87,1 млн теңге бөлінді.

«Qosyl» кешенді жобасы, «Jastar INFO» консультациялық пункті және NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың бірлескен жұмысы аясында 7 мыңға жуық жас ақпараттық-консультациялық қолдаумен қамтылды. 240 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 1 963 жас оқытылып, жұмыспен қамтудың түрлі шараларына тартылды. Оның ішінде 1 306 жас жұмысқа орналастырылды.

Жастармен жұмысты жүйелеу мақсатында цифрлық тәсілдер де енгізілуде. Облыста «FSM Social» ақпараттық жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жүйе NEET санатындағы жастарды бірыңғай есепке алуға және қабылданып жатқан шараларға тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жүйеге 2 792 жастың деректері енгізілуде.

Әрбір жас бойынша оның әлеуметтік мәртебесі нақтыланып, жұмыспен қамту, оқыту және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына тарту бойынша тиісті шаралар айқындалады. Бұл жастармен атаулы жұмысты күшейтіп, қажетті көмекті уақытылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, NEET санатындағы жастар санының азаюы – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес, әрбір жаспен жүргізілген нақты жұмыстың нәтижесі. Негізгі міндет – жастарға жұмысқа орналасу, білім алу, мамандық меңгеру және өз кәсібін дамыту мүмкіндіктерін ұсыну арқылы олардың әлеуетін іске асыруға жағдай жасау.

Алдыңғы мақала

В Коксуском районе государству вернули 200 гектаров неиспользуемых сельхозугодий

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда жыл соңына дейін ветеринариялық пункттерге деген қажеттілік толық өтеледі: облыс құрылғаннан бері 67 нысан салынды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
809
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
651
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
576

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.