Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісу облысында жол апаттарының саны артты – дрондармен бақылау күшейтілді

18 Шілде, 2025
Жетісу облысында жол апаттарының саны артты – дрондармен бақылау күшейтілді

Car with a breakdown

0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жыл басынан бері өңірде 86 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 25 адам көз жұмып, 153 азамат түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апат санының 43 пайызға артқанын көрсетеді.
Апаттардың басым бөлігі республикалық маңызы бар жолдарда – әсіресе «Алматы – Өскемен» және «Алматы – Хоргос» бағыттарында тіркелген. Бұл жол учаскелері – бүгінде ең апаттық аймақтар ретінде белгіленді.
Апаттардың алдын алу және бақылауды күшейту мақсатында облыс жолдарында дрондармен әуе патрульдеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жыл басынан бері дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, соның ішінде қарсы жолаққа шығу бойынша 59 құқық бұзушылық анықталды.
Апаттардың тағы бір алаңдатарлық себебі – жүргізушілердің мас күйінде көлік басқаруы. Жарты жыл ішінде облыс бойынша 114 жүргізуші алкогольдік масаң күйде рөлге отырғаны үшін ұсталды. Осыған байланысты рейдтік шаралар күшейтіліп, кешкі және түнгі уақыттарда бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
«Жолдағы тәртіпті сақтау – тек жүргізушілерге емес, бақылаушы органдарға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазірдің өзінде дрондардың тиімділігі дәлелденіп отыр. Олар қауіпті учаскелердегі ахуалды қадағалап, заң бұзушылықтарды нақты тіркеп келеді», – дейді облыстық Полиция департаментінің өкілі.
Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігін арттыру үшін өңірде бірқатар шаралар қолға алынған:
• 9 қызметтік автокөлікке «Ekin-Patrol» автоматты тіркеу жүйесі орнатылып, жылдамдықты өлшеу және тіркеу жұмыстары жолға қойылған;
• Күн сайын жол-патрульдік полицияның қосымша нарядтары облыс аумағында қызмет атқаруда;
• Жыл басынан бері «Қауіпсіз жол», «Мас жүргізуші», «Абайлаңыз, балалар» сынды 6 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар мен алдын алу жұмыстары демалыс күндері қарқынды түрде жалғасуда. Жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты заң аясында шаралар қолданылуда.

Алдыңғы мақала

Жетісуда қаржы пирамидаларына қатысты 165 заңсыз ресурс бұғатталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.