Дүйсенбі, 8 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

«ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

29 Қараша, 2025
«ЖЕТІСУ ЖАСТАРЫ» ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Талдықорғанда Жетісу облысындағы жастардың әлеуметтік, экономикалық және құндылықтық жағдайына арналған кешенді «Жетісу жастары» аналитикалық баяндамасы таныстырылды. Бұл – өңір тарихында алғаш рет жүзеге асқан кең ауқымды әлеуметтік зерттеу.

Зерттеу нәтижелері түрлі деңгейдегі мүдделі тараптардың қатысуымен талқыланып, кең ауқымды аудиторияны қамтыды: мемлекеттік мекеме өкілдері, зерттеу объектісіне кіретін жастар тобы, сала сарапшылары, сондай-ақ ҮЕҰ, еріктілер ұйымдары мен жастармен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктер және ақпараттық таратуға жауапты БАҚ, журналистер мен жаңа медиа өкілдері қатысты.

Зерттеу Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Жоғары жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігімен дайындалды. Баяндаманың деректері мемлекеттік органдар статистикасына, жаппай сауалнамаға, фокус-топтық талқылауларға және сараптамалық сұхбаттарға негізделген.

«Жетісу облысында жастар саясатын жүзеге асыру аясында өңір жастарынажан—жақты жағдай жасалып келеді. Шешім қабылдау барысында бүгінгі жастардың нақты қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеру аса маңызды. Осы аналитикалық баяндама Жетісу жастарының өмір сапасы, құндылықтары, мүмкіндіктері мен әлеуметтік көңіл-күйіндегі негізгі трендтерді айқындауға мүмкіндік береді және өңірлік жастар саясатын одан әрі жетілдіруге бағдар бола алады» — дейді Жетісу облысы Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Ілияс Нұрболұлы.

Зерттеу барысында 693 респондент арасында сауалнама жүргізіліп, 5 фокус-топтық талқылау ұйымдастырылды (оқушылар, студенттер, жұмыссыз жастар, ауыл жастары, кәсіпкерлер). Сонымен қатар 10 сараптамалық сұхбат өткізілді. Деректер 15–34 жас аралығындағы жастарды қамтыды.

Баяндамада жастар өміріндегі білім және дағды, еңбек нарығы, азаматтық белсенділік және саяси қатысу, мемлекеттік бағдарламар және жобалар, ең өзекті мәселелер, баспана мәселесі, ақпараттану көзі және болашаққа көзқарас, көші-қон көңіл күйі, репродуктивті денсаулық және жыныстық тәрбие, қауіпсіздік мәселесі, буллинг, кибербуллинг және суицид, нашақорлық және құмар ойындар, жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, этносаралық жағдай мен діни бірегейлік және неке мәселелері қамтылды.

Зерттеу нәтижесі Жетісу жастарының әлеуеті жоғары екенін көрсетті: сауалнамаға қатысқан жастардың 90,2%-ы білім сапасына қанағаттанатынын айтқан, ал 55,2%-ы ЖОО таңдауда ең маңызды фактор ретінде қалаған мамандықты атады. Мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылық жоғары –жастардың 71,4%-ы өңірлік гранттарды тиімді деп бағалаған. Сонымен қатар, тұлғалық даму динамикасы байқалады: жастардың 33,4%-ы қосымша курстар мен дағдыларды меңгеруге белсенді қатысуда.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың басында өңірдегі жастар саны 186,1 мың адамды құрады (жалпы өңір халқынан жастардың үлесі – 26,8%). Құрылымы бойынша жастардың 83 мыңы (44,6%) қалада, қалғаны ауылда тұрады.

Алдыңғы мақала

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Цифрлық серпіліс»: Жетісу IT негізінде болашағын құрып келеді

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.