Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу жеті қазынаны төрге оздырды

29 Сәуір, 2026
Жетісу жеті қазынаны төрге оздырды
13
БӨЛІСУ
160
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының Көксу ауданында жуырда жеті қазына қатарына кіретін тазы және төбет иттер өсіруге арналған ұлттық орталық пайда болады. Орталықтың құрылысы барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты. Атап өтсек, қазақтың тазы және төбет ит тұқымдарын жаңғыртуға арналған бұл кешеннің Қазақстанда және ТМД елдерінде баламасы жоқ, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы орталықта салынған нысандарды аралап көрді. Мұнда 23 әкімшілік ғимарат орналасқан: жатақхана, гараж, жем дайындайтын ас үй, ветеринарлық клиника және иттерді ұстайтын үй-жайлар бар. Сондай-ақ иттерге арналған жүгіру жолағы, ат қора және тазы мен төбеттерді аңшылыққа, салт атты адаммен еріп жүруге үйрететін жабық манеж қарастырылған.

– Бүкіл кешен бүгінгі күнге іс жүзінде дайын, инженерлік желілер тартылған, қазір абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда нысанда 100 адам жұмыс істеп жатыр, – деді мердігер ұйымның басшысы Рахмет Медет.

Белгілі болғандай, орталықта ит өсіру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілмек. Мұнда Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған ғылыми орталық жұмыс істеп, алдын ала мәлімет бойынша 50 тазы, 50 төбет тұқымды ит ұсталады.

Атап өтсек, жобаны қаржыландыру «Астана-20» қорының демеушілік қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Алдыңғы мақала

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.