Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: екі зертхана жойылды

25 Мамыр, 2026
Жетісуда 100 келіден астам есірткі тәркіленді: екі зертхана жойылды
1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысындағы есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 4 айында өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 72 құқық бұзушылық анықталған. Оның 35-і есірткі қылмысына жатады.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 101 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Оның басым бөлігі – марихуана. Сондай-ақ гашиш пен синтетикалық есірткі түрлері анықталған.

Полицейлер жүргізген жұмыстар нәтижесінде 43 адам ұсталып, есірткі қылмыстарына қатысты 51 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Сонымен қатар есірткі таратуға қатысты интернет-ресурстар бұғатталып, күдікті қаржылық операциялар мен шоттардың қозғалысына шектеу қойылған. Криптовалюта әмияндары мен шетелдік шоттарға қатысты да бұғаттау шаралары жүргізілуде.

Талдықорғанда екі бірдей есірткі зертханасы жойылып, олардың бірінде синтетикалық есірткі өндірілгені анықталған.

Өңірде профилактикалық жұмыстар да тұрақты жүргізілуде.

«Қазіргі таңда өңірде есірткі қылмысының алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Бұл ретте мектептерде, оқу орындарында және жастар көп жиналатын орындарда түсіндіру шаралары ұйымдастырылады. Сонымен қатар есірткінің зияны мен заң алдындағы жауапкершілік туралы ақпарат беріледі. Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылда «Антифрод», «Кибербақылау» жүйелері, бейнебақылау камералары мен дрондар секілді цифрлық технологиялар қолданылып отыр. Жасанды интеллект негізіндегі талдау құралдары да енгізілген. Азаматтар 102 жедел желісі арқылы күмәнді жағдайлар туралы анонимді түрде хабарлай алады. Хабар берушінің деректері құпия сақталады», – деді Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ерасыл Узаков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде 232 адам есірткіге тәуелді ретінде есепте тұр. Оның ішінде жастар да бар.

Аяулым Шынгаева

Алдыңғы мақала

В Жетісу ликвидированы подпольные нарколаборатории

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Талдықорғанда жастар арасында есірткінің алдын алу бағытында кездесу ұйымдастырылды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.