Сәрсенбі, 8 Шілде, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда 1000 домбырашы бір мезетте күй шертті

5 Шілде, 2026
Жетісуда 1000 домбырашы бір мезетте күй шертті
1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Шандоздап шапқан ағаштан қалақтай асыл аспапқа айналған қасиетті домбыраға арналған мерекеміз бар. Осынау Домбыра күні мерейлі мереке сипатында аталып өтуде. Бұл орайда Жетісу облысының әр сайында саз қалықтап, әр бұтасынан күмбір күй төгілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Талдықорған қаласындағы Қаратал жағажайында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырған «Домбыра – дала жүрегі» атты мерекелік мәдени шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше рухани әсер сыйлады. Өнер кешіне облыс тұрғындары, қала қонақтары, мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, жастар мен күйсүйер қауым жиналып, ұлттық өнердің ұлылығына бірге куә болды.

Мұндай мерекелік кеш аудан-аудандарда да жалғасын тапты. Ал Талдықорған төрінде Ақсу, Көксу, Ескелді және Кербұлақ аудандары арнайы мерекелік бағдарлама ұсынып, жетісулықтарды ән мен күйге бөледі. Облыс орталығындағы Арбат алаңында «Домбыра – дала жүрегі» атты мерекелік мәдени бағдарлама өрнек тауып, онда өңірдің шығармашылық ұжымдары ұлттық өнерді насихаттады.

Сарқан қаласында Ұлттық домбыра күні аясында ауқымды іс-шара өткізілді. Мереке 255 домбырашының шеруімен басталып, қала көшелерінде күй мен дәстүрлі әндер орындалды. Аталған шеру орталық базар алаңында жалғасып, тұрғындар мен қала қонақтарына арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Ескелді ауданындағы Жеңіс саябағында «Ұлы даланың үні – домбыра» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының өкілдері, мәдениет саласының мамандары және мектеп оқушылары бір мезгілде күй төкті. 300 домбырашының шеруі көпшіліктің зор ықыласына ие болды.

Мұндай тағылымды дүние өз кезегінде Панфилов ауданында да жалғасты. 5000 домбырашы шеруі ұйымдастырылып, ұлттық күй өнерін ұлықтауға бағытталған концерттік бағдарлама қойылды. Шара барысында халық күйлері орындалып, ұлттық өнер құндылығы кеңінен насихатталды.

Жалпы, Жетісу облысының қала және аудандарында Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Сарқан, Ескелді, Панфилов ауданындағы 5 555 домбырашы бір мезетте күй шалқытса, мұндай мерекелік бағдарламалар мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға, дәстүрлі күй өнерін дәріптеуге, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталғанын да айта кеткен жөн.

Алдыңғы мақала

Ұлттық домбыра күні: Талдықорғанда үздіктерге домбыра сыйға берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Вышедший на этой неделе прогноз BloombergNEF (New Energy Outlook 2026) фактически подтвердил: мир вступил в новую эпоху — «Век электричества», и как это связано со своевременностью решения по строительству АЭС в Казахстане

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.1k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
959
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
816
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
804
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
792
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
644
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
555

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.