Сенбі, 21 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісуда 8 базар жаңғыртылды: өңірдің сауда саласында қандай өзгерістер бар?

19 Қараша, 2026
Жетісуда 8 базар жаңғыртылды: өңірдің сауда саласында қандай өзгерістер бар?
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында сауда инфрақұрылымын дамыту және базарларды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде өңірде 22 базар жұмыс істейді. Оның ішінде төртеуі — мамандандырылған, 18-і – әмбебап базар.

Сонымен қатар сауда нысандарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыстағы сегіз базарда жаңғырту жұмыстары аяқталған. Олардың қатарында Талдықорған қаласындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан әлеуметтік базар, Сарқан ауданындағы әмбебап базар, «Алакөл базары», Кербұлақ ауданындағы «Ырыс» базары, Қаратал ауданындағы «Жайлау» және «Даубай» базарлары, Текелі қаласындағы «Руал» базары және Талдықорған қаласындағы «Алдибек» әлеуметтік базары бар. Соңғы екі нысан 2026 жылы жаңғыртылды.

Базарлардың қызметінде заңнама талаптарының сақталуына да ерекше назар аударылады. Биыл үш сауда нысанында: Талдықорған қаласындағы «Шаған» базарында, Көксу ауданындағы «Ауыл» базарында және «Орталық» базарында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша аталған үш нысанға да ескерту берілді.

Сауда саласындағы басым бағыттардың бірі — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау. 2026 жылғы 4 қаңтардан бастап мұндай тауарлардың тізбесі кеңейтілді. Оған қызанақ, қияр, алма, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, тартылған ет, балық, тауық еті, сүт өнімдері және қара шай енгізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15 пайыздан аспауы тиіс. Бұл талаптың сақталуы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бақылауында.

Алдыңғы мақала

«Народная стройка»: в Талдыкоргане появятся Креативный центр, новый музей и Центр народного творчества

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Экономика круглогодичного курорта: как горы формируют новую экономику Алматы

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
673
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
662
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
588

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.