Сейсенбі, 9 Желтоқсан, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісуда ауыл шаруашылығы санағына 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылмақ

4 Тамыз, 2025
Жетісуда ауыл шаруашылығы санағына 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылмақ
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

1 тамыздан бастап Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Букенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы санағы – он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік науқан ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі іс-шара. Мұндай ауқымды науқанды биыл Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдер қолға алған.
Жетісу облысы бойынша биылғы санаққа жалпы 744 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен шамамен 20 мың жеке шаруа қожалығы қамтылады. Науқан екі кезеңмен өтеді. Бірінші кезең – 1 тамыз бен 31 тамыз аралығында онлайн форматта sanaq.gov.kz порталында ұйымдастырылады.
Сауалнамаға қатысу үшін азаматтар ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасы арқылы авторизациялана алады. Порталда ұйымдасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарына арналған – 2-АКШ және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған – 3-ЖҚШ атты екі түрлі сауалнама нұсқасы қолжетімді.
Жетісу өңірінде халықтың онлайн қатысуын арттыру мақсатында 126 өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, оларға қажетті техника мен интернетпен жабдықталған жұмыс орындары орнатылды. Сонымен қатар, 28 шілдеден бастап респонденттерге 1414 қысқа нөмірінен SMS-хабарламалар таратыла бастады.
Сауалнаманы толтыру кезінде көмек қажет болған жағдайда тұрғындар 1446 байланыс орталығына жүгінуге болады. Мұнда арнайы ауыл шаруашылығы санағына арналған желі іске қосылған. Сондай-ақ sanaq.gov.kz порталында бейненұсқаулықтар, түсіндірме материалдар және SANAQ мырза атты чат-бот тәулік бойы жұмыс істейді.
Ал онлайн режимде сауалнама толтырмаған азаматтарды 1 тамыз – 20 қыркүйек аралығында арнайы интервьюерлер аралайтын болады. Осыған байланысты өңірде интервьюерлерді жұмысқа қабылдау жалғасуда. Қызығушылық танытқан азаматтар 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы өтініш бере алады.
Жиналған барлық ақпарат заңмен қорғалады және үшінші тұлғаларға берілмейді. Санақтың алдын ала нәтижелері 2025 жылдың желтоқсанында, ал толық қорытындылары 2026 жылы жарияланатын болады.

Алдыңғы мақала

Кәсіпкерлер назарына: тілдік нормалардың сақталуына бақылау күшейтілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.3k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
929
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
793
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
770
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
726
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
651
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
614
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
546

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.