Сәрсенбі, 7 Қазан, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда бидай мен арпа толығымен жиналып бітіп, келесі жылға егін егу басталды

15 Қыркүйек, 2026
Жетісуда бидай мен арпа толығымен жиналып бітіп, келесі жылға егін егу басталды
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жүріп жатыр, сонымен қатар келесі жылдың егінін себу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні бидай мен арпа толығымен жиналып бітіп, 228 мың гектардан 494,0 мың тонна өнім жиналды. Яғни өнім өткен жылғы көрсеткіштен 110 мың тонна артық алынды. Бұл ретте орташа өнімділік гектарына 22,0 центнерді құрады. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш гектарына 16,4 центнер болған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, барлығы 228 мың гектардың 88,6 мың гектары — бидай, оның 65,6 мың га күздік бидай. Арпа 137,8 мың гектардан жиналды, оның 210 га күздік арпа. Оған қоса сұлы 1,6 мың га жерден орылды.

Жиналған астықтың 241,7 мың тоннасы қоймаларға құйылды, 238 мың тоннасы мал азығына сатылды. Атап өтсек, өңірде жалпы сыйымдылығы 713,5 мың тонна болатын 486 астық қоймасы бар.

– Сонымен қатар дәндік жүгеріні ору жұмыстары Ақсу, Панфилов аудандарында жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге 1140 гектар орылып, 9,0 мың тонна өнім алынды. Майлы дақылдардың ішінде мақсары, зығыр,  майбұршақ шабылуда. Картоп пен көкөністің 67% жиналды. Бақша дақылдарын жинау да қарқынды жүруде, оның 86% жиналды. Сол сияқты күріш ору да басталды, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Сондай-ақ жоспарланған 65,1 мың гектар күздік бидайды себу жұмыстары Ақсу, Ескелді, Көксу, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында басталып, бүгінгі күнге 3,3 мың гектарға күздік бидай себілді. Оған қоса жоспарланған 130,1 мың гектар сүдігердің 12,5 мың гектары көтерілді.

Осылайша, Жетісу облысында егін жинау науқаны жоспарға сәйкес жалғасуда. Сонымен қатар келесі жылға арналған өнім себіліп жатыр.

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Hyundai Motor Group корпорациясының президенті әрі стратегия және жоспарлау жөніндегі бөлім жетекшісі Сунг Кимді қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда ауыл жастарына 3 млн теңгелік грант беріледі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
830
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
809
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
650
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
575

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.