Сейсенбі, 25 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда білім беру мен денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды

27 Тамыз, 2025
Жетісуда білім беру мен денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жылыту маусымына дайындық аяқталды. Сол сияқты көпқабатты тұрғын үйлердің маусымға дайындық деңгейі 96% құрап отыр, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, жылыту маусымына дайындалу барысында жылумен жабдықтау объектілері мен инженерлік желілілер жөнделіп, отын сатып алынуда.

«2 турбинаға, 35 қазанға, 79,5 шақырым сумен жабдықтау, 12,8 шақырым жылу, 1,1 мың шақырым электр желілеріне және 208 трансформаторлық қосалқы станцияға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар 293 мың тонна көмір және 6,4 мың тонна мазут дайындауда. Оларды бекітілген кестеге сәйкес жеткізу жүргізіледі, қазір 2,3 мың тонна мазут қоры бар. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдарына 15,1 мың тонна көмір және 10,6 млн. литр сұйық отын жеткізілуде. Жалпы, облыс бойынша халыққа көмірдің қажеттілігі 397 мың тонна. Бүгінгі таңда 68,3 мың тонна көмір сатылған. Қазіргі кезде облыс қоймаларына орта есеппен тәулігіне 13 вагон немесе 897 тонна көмір жеткізілуде. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып, бұл шаралар тұрақты бақылауда тұр», — делінген басқарманың хабарламасында.

Дайындық барысында жылыту қазандықтарындағы жаңғырту жұмыстарының маңызы зор. Осы орайда облыс орталығындағы «Басқуат» қазандығы базасында электр қуаты 84 МВт, жылу қуаты 70 Гкал/сағ болатын бу-газ станциясын салу жобасы іске асырылуда. Жоба 3 кезеңнен тұрады, оның екі кезеңі осы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Аталған жоба толық іске асырылғанда «Басқуат» қазандығының жүктемесі қосымша 30%-ға дейін төмендейді.

Сондай-ақ Текелі ЖЭО-2-ні кеңейту бойынша жалпы жоспар аясында электр қуаты 53 МВт және жылу қуаты 48 Гкал/сағ болатын бу-газ қондырғысын 3 кезеңмен іске қосу көзделген. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде станцияны жаңғырту мәселесі шешіліп, жаңа нысандарды қосуға мүмкіндік беретіндей қосымша жылу қуатты еселенеді.

Газдандыру мәселесіне келсек, Панфилов ауданын қоса алғанда Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі 126 елді мекеннің 84-і газдандырылды, яғни қамту деңгейі – 58,2%. 2025 жылдың соңына дейін аталған аудандар толық газдандырылғанда қамту деңгейі 71,4%-ға немесе 500 мың адамға жетеді. Сондай-ақ «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Осы жобалар іске асырылғаннан кейін газбен қамтуға жататын 192 елді мекен түгелдей газбен қамтылады, нәтижесінде 624 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 92%-ы көгілдір отынға қол жеткізеді.

Алдыңғы мақала

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқтар жаңа тәсілге көшті: Жасанды дауыс пен deepfake-тен сақ болыңыз

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.