Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда Дәнеш Рақышевқа арнап мурал салынды

28 Мамыр, 2026
Жетісуда Дәнеш Рақышевқа арнап мурал салынды
3
БӨЛІСУ
35
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында әйгілі әнші әрі сазгер Дәнеш Рақышев бейнеленген мурал салынды. Бұл портрет Жаркент қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына орналастырылды. Арт-нысан Халық әртісінің 100 жылдық мерейтойына орай жасалды. Еске салсақ, өнер иесі Панфилов ауданындағы Талды ауылында дүниеге келген, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мурал  салудағы басты мақсат – Дәнеш Рақышевтың тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, оның тұлғасы мен шығармашылық жолын көркем түрде дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтып, қаланың эстетикалық келбетін жақсарту.

Муралды салуға суретшілер Олжас Ризабек, Мейірлан Есенғалиев, Олжас Халила және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері қатысты.

– Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінде муралдар салып жүрміз. Мәселен, еңбектеріміз Астана, Ақтөбе қалаларында тұр. Командамыздың жалпы саны 50-ден астам шығармашылық жұмысы бар. Бұл муралды үш күн ішінде аяқтадық. Жоба Панфилов ауданы әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл мурал – талантты композитордың мұрасына көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар шабыт көзі әрі өңірдің мәдени дамуына қосылған маңызды үлес деп есептеймін, – деді Олжас Ризабек.

Жергілікті тұрғындар да муралға қатысты пікір білдірді:

– Қазір Жаркент қаласын үш мурал көркейтіп тұр. Оның бірі – бірлік пен татулықтың маңызын насихаттауға арналса, екіншісі – әйгілі суретші Әбілхан Қастеевке, ал үшіншісі жерлесіміз, әнші әрі композитор Дәнеш Рақышевқа арналған. Осындай шығармашыл тұлғалардың бейнесін салу жақсы әрі пайдалы бастама деп есептеймін. Себебі осы арқылы мәдениетімізге, тарихымызға және рухани мұрамызға жастардың назарын аударамыз, – деді ол.

Атап өтсек, 2023 жылы Жетісу облыстық филармониясына Дәнеш Рақышевтің есімі берілген болатын.

Алдыңғы мақала

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.