Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісуда FlyArystan әуе компаниясымен меморандумға қол қойылды

4 Қараша, 2026
Жетісуда FlyArystan әуе компаниясымен меморандумға қол қойылды
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында әуе қатынасын кеңейту бағытында жаңа бастама қолға алынды. FlyArystan әуе компаниясы келесі жылы өңірге жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Жиын барысында облыстың Туризм басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен FlyArystan компаниясы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бастама Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған өңірлердің әлеуетін арттыру, көлік инфрақұрылымын дамыту және аймақтар арасындағы байланысты нығайту міндеттерімен сабақтас. Әуе қатынасының кеңеюі Жетісудың туристік мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеріп, өңірге келетін саяхатшылар үшін жол жүруді қолайлы ете түспек.

Өңірге келетін туристер саны да жыл сайын өсіп отыр. Өткен жазғы маусымда облысқа 2,3 миллион адам саяхаттаған. Әсіресе, Алакөл мен Балқаш жағалауы демалушылар  арасында сұранысқа ие. Сонымен қатар табиғи парктер мен тау бағыттарына қызығушылық артып келеді.

Туристік әлеуетті толық пайдалану үшін жол қатынасын жақсарту да маңызды. Қазір облыста Талдықорған және Үшарал қалаларында екі әуежай жұмыс істейді. Үшаралға жазғы маусымда Алматы мен Астанадан рейстер қатынаса, Талдықорған мен Астана арасында жыл бойы әуе қатынасы бар. Екі әуежай тоғыз айда 45 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен.

Әуе  инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Үшарал әуежайында ұшу-қону жолағы жаңартылып, жаңа аэровокзал кешені салынған. Қазір әуежайды кеңейту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба бойынша жаңа жолаушылар терминалын салу, перрон мен әуе кемелерінің тұрақ орындарын ұлғайту көзделген. Нәтижесінде әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 50-ден 125 жолаушыға дейін артады.

FlyArystan компаниясымен жасалған меморандум аясында тараптар Жетісуды  әуе  компаниясының маршруттық желісіне қосу, жаңа рейстер ашу және қолданыстағы бағыттардың жиілігін арттыру мүмкіндіктерін бірлесіп қарастырады. Бұдан бөлек, өңірдің туристік әлеуетін әуе компаниясының жолаушылары арасында таныту жұмыстары жүргізіледі.

Алдыңғы мақала

«Мерейлі отбасы – 2026»: отбасымыз үшін тарихи әрі мақтанышқа толы сәт!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

JOLSAPA мен жапониялық Aero Toyota Corporation жол диагностикасын цифрландыру бағытында ынтымақтастық орнатады

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
823
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
660
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
585

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.