Сенбі, 12 Қыркүйек, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды

23 Наурыз, 2026
Жетісуда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында бір күнде сегіз бұлақтың көзі ашылды
4
БӨЛІСУ
47
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Наурызнама онкүндігі аясындағы Тазару күніне орай Жетісу облысында бұлақ тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы өтіп, өңірдегі сегіз бұлақтың сөзі ашылды. Көксу ауданында өткен осындай акцияға облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу ауданы Бесқайнар ауылындағы бұлақ басына 200-ден астам адам жиналды. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, колледж студенттері, өңірдегі су шаруашылығы мекемелерінің өкілдері бар.

Жиналғандарды Тазару күнімен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев Наурыз мейрамы мәнінің адамның рухани тазаруымен асатасып жатқанын атап өтті:

— Соңғы жылдары «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында Мемлекет басшысының бастамасымен «Менің аулам — менің көшем — менің ауылым – менің елім» форматында жыл бойы қоршаған ортаны тазалау, ағаш егу, саябақтар мен скверлер салу, суару жүйелерін жақсарту мәселесіне өте үлкен мән беріліп келеді. Біз табиғаты таза, суы мөлдір, шөбі шұрайлы Жетісу жерін ұрпақтарымызға таза, құнарлы қалпында қалдыруымыз керек. Осындай мақсатта бүгінгі Тазару күнінде бұлақтың көзін тазалап, ағаш егеміз. Бұл экологияны жақсартып қана қоймай, адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ықпал етеді, — деген Б. Исабаев барлық аудан орталықтарында саябақтар қайта жаңғырлытып, суару жүйелері жолға қойылатынын жеткізді, сондай-ақ бүгінгі шараға белсене қатысып отырған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев, Көксу аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаубай Бәзілов, «Экологиялық еріктілер» ұйымының мүшесі Ұлан Уәлиев сөз алып, іс-шараның жас ұрпаққа тағылымы мол, табиғатқа жасалған үлкен қамқорлық екенін айтты.

Мұнан соң облыс басшысы ауыл тұрғындарымен бірге бұлақтың көзін ашып, жас көшеттер отырғызды.

Акцияға қатысушылардың бірі «Қазына» балабақшасының қызметкері Дәурен Райымбеков те пікірін білдірді:

— Балаларымызды тазалыққа бейімдесек, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйретсек, оны сөз жүзіндегі ақыл айту емес, өзіміз істеп үлгімізбен көрсетсек, бұл нәтижелі болады. Бүгінгі шара – соның бір айқын көрінісі. Бұлақ – халқымызда судың басы, тіршіліктің көзі. Сондықтан бұлақты ашу – көктемдегі өте маңызды іс, — деді ол.

Атап өтсек, осындай іс-шаралар Көксу ауданымен қатар Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал және Панфилов аудандарында өтіп, бір күнде жалпы саны сегіз бұлақтың көзі ашылды. Бұлақ маңын тазалау мен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бір бұлақта табиғи жер бетіне шығу көзі қалпына келтірілді. Бұл бастау көздердің суы ауыз су, емдік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылып, су ресурстары тапшылығы жағдайында сумен қамтамасыз етудің қосымша көзі ретінде қарастырылады.

Жалпы «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында облыс көлемінде «7 OZEN» экологиялық іс-шарасы 23 наурыздан бастап 2 мамырға дейін жалғасып, өңірдегі Қаратал, Көксу, Лепсі, Ақсу, Бүйен, Іле, Басқан өзендерінің жағалаулары және бұлақ көздері тазартылады.

Алдыңғы мақала

Жас қазақстандықтар «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясына қатысуда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Рискует ли Казахстан попасть в энергетическую ловушку из-за дешевого бензина

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
968
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
828
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
805
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
668
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
647
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
568

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.