Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 Қараша, 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды
0
БӨЛІСУ
3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуге ауқымды дайындық жұмыстары басталды. Өңірдің қалалары мен аудандарында тарихи датаның маңыздылығын айшықтап, ұлттық бірлік пен мерекелік көңіл күй қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-безендіру науқаны қолға алынды. Мерейтойға дайындық аясында облыс аумағындағы халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, атап айтқанда, медициналық мекемелердің, сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында және келушілер көп болатын өзге де орындарда 21 LED-экран іске қосылды. Цифрлық экрандарда еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнелер, патриоттық бейнероликтер мен мерекелік құттықтаулар көрсетілуде. Бұл ретте егемен Қазақстанның жетістіктерін, ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік рухты дәріптейтін көрнекі материалдарға ерекше мән берілген.

Мерекеік ақпараттық науқан Талдықорған қаласын, сондай-ақ Сарқан, Ақсу, Ескелді, Панфилов, Кербұлақ және Көксу аудандарын қамтыды. Осылайша, мерейтойлық рәміздер мен мерекелік безендіру элементтері облыс орталығында ғана емес, өңірдің аудандарында да тұрғындардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуда.
«Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – еліміздің жүріп өткен тарихи жолын, қол жеткізген жетістіктерін және болашаққа нық қадам басқанын айшықтайтын маңызды дата. Қоғамдық кеңістіктерді мерекелік безендірудің мақсаты – салтанатты көңіл күй қалыптастырумен қатар, әрбір тұрғынға Тәуелсіздіктің құндылығын, халық бірлігінің маңызын және Қазақстанның болашағы үшін ортақ жауапкершілікті еске салу», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Жетісу өңірінде қолға алынған ауқымды мерекелік науқан айтулы мерейтойға дайындықтың жарқын көріністерінің біріне айналып, облыстың қалалары мен аудандарын мемлекетіміздің ең басты құндылығы – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі төңірегінде біріктіруге бағытталған.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысы Үрімші қаласында өткен халықаралық туристік көрмеде өңірдің әлеуетін таныстырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

В Жетісу начали праздничное оформление к 35-летию Независимости

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
823
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
660
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
585

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.