Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

23 Сәуір, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды тазалау мен ағаш егу шаралары жалғасуда. Мәселен, бүгінгі экологиялық шараға халық белсене атсалысып, 5 мыңға жуық адам қатысты.  Атап айтқанда, Жетісудың жеті өзенінің жағасын тазалаған «7 ÖZEN» атты кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті. Сол сияқты Талдықорған қаласында «EcoKeruen» акциясы ұйымдастырылып, қаланың басты көшелері тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктеу тәсілі арқылы  қоқыстан тазартылды.

«7 ÖZEN» атты кең ауқымды экологиялық фестивалі өңірдің 8 аудан-қаласынан ағатын Қаратал, Көксу, Ақсу, Шажа, Сарқан, Лепсі және Бүйен өзендерінің жағалауын тазарту мақсатында өткізілді. Оған жергілікті жастар, еріктілер және тұрғындар белсенді түрде қатысты. Шара аясында өзен жағалауларын қоқыстан тазарту, экологиялық ойындар мен шеберлік сабақтары, сондай-ақ табиғатты қорғауға бағытталған ақпараттық дәрістер өткізілді. Фестивальге 600-ге жуық жас қатысып, 20 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Бұл бастама жастардың экологиялық сана-сезімін арттырып, табиғатқа деген жанашыр көзқарас қалыптастыруға үлкен серпін берді.

«7 ÖZEN» фестиваліне қатысушыларының айтуынша, жағалауларды тазарту экожүйені сақтауға, ауыз су көздерінің ластануын болдырмауға және халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы күні Жетісу жастарының, экобелсенділердің ұйымдастыруымен  «EcoKeruen» акциясы өтті. Акциясының мақсаты — қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.

«Jetisy jastary» КММ маманы Сейітқали Мирас: «Тазалық шараларын үйреншікті сенбілік сияқты емес, жаңа форматта өткізу жастардың қызығушылығын арттырып, оларды табиғатты қорғауға жұмыла кірісуге үндейтіні анық. Бүгінгі «EcoKeruen» акциясына 80 ерікті жас қатысып, қаланың басты көшелерімен арнайы безендірілген эко-керуен трактор және шағын вагондар жүріп өтті. Шараға қатысушалар керуеннің соңынан жүріп, маңайдағы қалдықтарды жинады. Осы арқылы жаңа буын өкілдері арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», — дейді.

Сонымен қатар облыс бойынша «Жүгір де тазала – экоплоггинг» және «Жасыл белдеу» акциялары өтті. «Жүгір де тазала – экоплоггинг» акциясы аясында облыс спортшылары, ерікті жастар командаларға бөлініп, белігіленген локацияларды қоқыстан тазалаумен қатар, шапшаңдық пен ұтқырлығын шыңдады. Акцияға 1 665 адам қатысып, 20 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 314 тонна қоқыс шығарылды.

Ал «Жасыл белдеу» акциясына аудан-қала тұрғындары, депутаттар, қоғам белсенділері, ерікті жастар — барлығы 2 320 адам атсалысып, 17 техника жұмылдырылды. Облыс аумағындағы саябақтарға, сверлер мен аллеяларға 3 500 түп ағаш,  67 350 гүл отырғызылды.

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.

Алдыңғы мақала

Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.