Жұма, 28 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды

27 Наурыз, 2026
Жетісуда өткен жылы 16 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтылды
3
БӨЛІСУ
37
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары аясында 16 мыңнан астам әйел еңбекпен қамтылды, соның 12 мыңға жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен өткен Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, өңірде еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Бұл ретте цифрлық платформалар қосымша тиімді құралдардың біріне айналды, яғни  skills.enbek.kz және enbek.kz порталдары арқылы оқу тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді болып отыр. Тағы бір маңызды тетік – субсидияланатын жұмыс орындары. Сонымен қатар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары және «Күміс жас» жобасы да бұл іске айтарлықтай оң ықпал етуде.

– Тағы бір бағыт – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту. 2025 жылы бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 204 грант берілді, олардың 61,8%-ын әйелдер алды. Бұл ретте грант иегерлерінің қатарында көпбалалы аналар, мүгедектігі бар әйелдер, сондай-ақ әлеуметтік көмек алушылар да бар. Гранттардың арқасында олар тігін және кондитерлік цехтардан бастап сұлулық салондары мен оқу орталықтарына дейінгі шағын өндірістер мен қызмет көрсету нысандарын ашты. Осылайша әйелдер тек өздерін ғана емес, басқа адамдарды да қосымша жұмыс орындарымен қамти алды. Грант алудың міндетті шарты – «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып шығу. Жалпы, мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі алдымен оқыту, кейін тәжірибе жинау, содан соң жұмысқа орналастыру және қажет болған жағдайда кәсіпкерлікке көшу тізбегіне құрылған, – деді Е. Мизамбаев.

Сонымен қатар осы қарқынды сақтап қана қоймай, жұмыстың адрестілігі мен тиімділігін арттыру қажет. Талқылау барысында барлық мүдделі мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен неғұрлым нақты әрі үйлестірілген жұмыс талап етілетіні айтылды. Мансап орталықтары, жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту бөлімдері және Кәсіпкерлер палатасы формальді түрде емес, нақты нәтижеге бағытталып жұмыс істеуі тиіс. Яғни, әрбір көрсеткіштің артында жұмысқа орналасқан немесе табыс көзіне ие болған нақты адам тұруы қажет.

Облыс әкімінің орынбасары Д. Есдәулетов әйелдердің түрлі санатымен – жастармен, егде жастағы адамдармен, көпбалалы аналармен неғұрлым нысаналы жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету керек екенін атап өтті. Еңбек нарығының жылдам өзгеруіне байланысты цифрлық дағдыларды дамыту ерекше назар аударуды қажет етеді. Сондай-ақ ауылдық округтерге барып, сол жерде жұмыспен қамту, оқыту және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу шарттарын түсіндіретін мобильді топтардың жұмысын күшейту маңызды.

Оқудан кейінгі сүйемелдеуге де ерекше мән берілуі тиіс. Бұл кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен, сондай-ақ қаржы институттары мен бизнес қауымдастықпен тығыз өзара іс-қимылды қажет етеді.

– Уақытша шешімдерден тұрақты нәтижеге көшу керек. Ол үшін мамандық алу, қайта даярлау, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл ретте тек оқыту жеткіліксіз. Адам не үшін оқып жатқанын, кейін қайда баратынын нақты түсінуі тиіс. Осы тұрғыда жүйелі әрі түсінікті ақпараттық жұмыс жүргізу қажет. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар ұсынатын барлық мүмкіндіктерден хабардар болып, өздерінің алдағы бағытын нақты көре білуі керек. Бұл тұрғыда ауылдық округ әкімдерінің рөлі ерекше. Дәл осы жергілікті деңгейде жұмыс айқын көрінуі тиіс. Жалпы алғанда, әрбір бағдарлама мен әрбір іс-шара басты мақсатқа – тұрақты жұмыспен қамтуға, тұрақты табысқа, әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етуі қажет, – деп сөзін түйіндеді Д. Есдәулетов.

Алдыңғы мақала

Threads-тегі алаяқ: азаматтар әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы ойдан шығарылған оқиғаға сеніп қалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2025 жылы өңірде экология саласында 76 өрескел құқықбұзушылық анықталды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
825
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
565

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.