Жексенбі, 22 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісудың Қаратал ауданында білім беру, спорт, көлік қатынасы, абаттандыру салаларының нысандары салынуда

4 Қыркүйек, 2026
Жетісудың Қаратал ауданында білім беру, спорт, көлік қатынасы, абаттандыру салаларының нысандары салынуда
2
БӨЛІСУ
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының Қаратал ауданында бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, олар — білім беру, спорт, көлік қатынасы, абаттандыру салаларының нысандары. Олардың құрылысы барысымен танысу үшін ауданға жұмыс сапарымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев барды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында екі бірдей спорт нысаны салынып жатыр. Оның бірі — орталық стадион маңында орналасқан дене шынықтыру сауықтыру кешені. Ғимараты 2 блоктан тұратын нысанның жалпы аумағы 3300 шаршы метр. Кешен заманауи талаптарға сай жабдықталып, баскетбол, волейбол, бадминтон, гандбол, теннистен спорттық секциялар өткізуге, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға, оқу-жаттығу сабақтары мен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасайды. Мұнда бокс және күрес залдары да қарастырылады.  Яғни бұқаралық спортты дамытуға, халықтың саламатты өмір салтын ұстануына, барлық жастағы тұрғындардың спортпен айналысуына қажетті жағдай жасалмақ.

Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, құрылыс алаңында 33 адам жұмыс істеп жатыр. Техника да, құрылыс материалдары да жеткілікті. Жоспар бойынша құрылыс келер жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер мекеме осы жылдың аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.

Аудан орталығындағы тағы бір спорт нысаны дзюдо күресіне арналған. Аталған нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған, қазір әрлеу, тазалау жұмыстары атқарылуда. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне қарай екі күрес залы болады, одан бөлек жаттығу залы қарастырылған.

Жұмыс сапары барысында Бейбіт Исабаев Үштөбе қаласындағы 600 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысын да көрді. Маусым айында құрылыс жұмыстары басталған білім ошағы келер жылдың тамыз айында салынып бітуі тиіс. Бұл ретте облыс әкімі әлеуметтік нысандар құрылысының сапасына ерекше мән беру керек екенін ескертті.

— Мектеп, емхана, спорт кешені сияқты әлеуметтік нысандардың құрылысы – біз ерекше мән беретін маңызды жобалар. Себебі бұлар ең алдымен халыққа қажет. Сондықтан құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы ерекше бақылауда болуы тиіс, — деді Бейбіт Исабаев.

Мұнан соң өңір басшысы Үштөбе темір жол вокзалының реконструкциясымен де танысты. Мұндағы құрылыс жұмыстарының 76% атқарылған, яғни ғимаратты сейсмикалық нығайту, перронды жаңғырту, сыртқы инженерлік желілілерді қосу жұмыстары бітті. Бүгінгі күні вокзалдың қасбетін жаңарту аяқталуға жақын, күту залының ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.  Мердігер ұйым өкілі нысанды осы айдың соңына дейін аяқтау үшін 70-ке жуық адам екі ауысымда жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жаңғырытылып жатқан Үштөбе қаласының орталық саябағындағы жұмыстармен де танысты. Саябақтың 6 гектар аумағында амфитеатр, ойын және спорт алаңдары, демалыс аймақтарынан бөлек этноауыл орналасады, шағын архитектуралық мүсіндер қойылады автоматты суару жүйесі жасалады. Бұл нысан да қыркүйек айының соңында тапсырылуы тиіс.

Атап өтсек, жыл басынан бері орталық саябақта жалпы саны 1 200 ағаш көшеті отырғызылды, соның 750-і – қарағай, 150-і – ақ қайың.

Алдыңғы мақала

Жетісуда «Талдықорған — Үштөбе» автожолының жөндеуі аяқталуға жақын

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Казахстан показал свой лучший результат по уровню миролюбия почти за 20 лет

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
674
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
662
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
588

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.