Сейсенбі, 9 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

6 Маусым, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 511,8 мың гектарға себіліп, егіс көлемі өткен жылға қарағанда 1,1 мың гектарға ұлғайтылды. Көктемгі дала жұмыстары бүгінгі күнге толығымен аяқталып, қазіргі уақытта шаруашылықтар тарапынан себілген дақылдарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс науқанын қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы  шаруашылықтарға 9,1 млрд. теңге несие берілді. Облысқа бөлінген 5,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны толығымен жеткізілді. Суармалы су барлық аудандарға берілді. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 59,4 мың гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы туралы шаруашылық өкілдері пікірлерін жеткізді.

– Біздің шаруашылығымыздағы суармалы жердің жалпы көлемі 150 гектар. Биыл оның 70 гектарына жаздық арпа, 75 гектарына соя, 20 гектарына жоңышқа ектік. Өзім егін шаруашылығымен қатар жылқы өсірумен де айналысамын. Қазіргі таңда шаруашылықта 500-ге жуық жылқы бар, оларды жем-шөппен толықтай өзіміз қамтамасыз етеміз. Шаруашылықта қажетті техниканың барлығы жеткілікті. Екінші жыл қатарынан органикалық тыңайтқыштарды қолданып келемін. Сонымен бірге ауыспалы егіс жүйесін сақтауды да ұмытпаймыз. Мұның барлығы топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге оң әсерін тигізіп отыр. Биылғы егіс науқаны сәтті өтті, оған ауа райының жайлы болуы да ықпал етті. Әр гектардан 30 центнерге дейін арпа өнімін аламыз деп күтіп отырмыз, – деді Талдықорғандағы «Софин» шаруа қожалығы жетекшісі Александр Софин.

— Біздің шаруашылығымыз Талдықорған қаласының Еңбек ауылында орналасқан. Себу жұмыстарын толық аяқтадық, енді күтіп-баптау жұмыстары жүріп жатыр. Биылғы көктемгі егіс науқанында жеңілдетілген бағадағы жанармайды және тыңайтқышты толық көлемде алдық. Ауыспалы егістікке байланысты биыл жүгеріге басымдық беріп отырмыз, ал келесі жылы қант қызылшасы мен соя егеміз. Биылғы көктемгі ауа райы шаруалар үшін жайлы болды. Енді жақсы өнім күтеміз, оған бар күш-жігерімізді саламыз, — деді «Сәпи» ШҚ жетекшісі Төлепберген Сәпи.

— Біз қант қызылшасын, соя, жүгері өсірумен айналысамыз. Өткен жылы лизинг көмегімен 2 арнайы техника, яғни тракторлар сатып алдық. Көксу қант зауыты қызылша тұқымын уақытында берді. Соның арқасында дер кезінде сеуіп біттік. Мемлекет тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілді. Атап айтқанда, тұқымға, тыңайтқышқа, пестицидке 20%-дан 50%-ға дейін субсидия беріледі. Бұл – бізге үлкен көмек, — деді «Насыр» шаруа қожалығының Насыр Каримов.

Жалпы, Жетісу облысында вегетациялық кезеңнің өтуі тұрақты бақылауда.

Алдыңғы мақала

И посеем, и пожнем: аграрии Жетісу проводят комплекс мероприятий по уходу за сельхозкультурами

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Үлкенағаш ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат ұсынылды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
950
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
807
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
786
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
664
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
641
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
553

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.