ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында «Жол жүру ережесін сақтау» іс-шарасы аясында автокөлік жүргізетін әскери қызметшілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, масаң күйде көлік жүргізудің салдары туралы ақпарат беріліп, алдын алу мақсатында бейнеролик көрсетілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті










