Сейсенбі, 17 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жолдау – ел дамуының жаңа бағдары

16 Қараша, 2026
«Инфрақұрылымдық жаңғыру – ел дамуының жаңа кезеңі»
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының басты ерекшелігі – оның жаңа Конституция заңды күшіне еніп, елдің саяси жүйесі жаңарған кезеңде жариялануы. Жаңа саяси өзгерістер мен қалыптасқан экономикалық жағдайда ұсынылған Жолдауды тыңдай отырып, оның халқымыздың күнделікті тұрмысын жақсартуға ықпал ететініне деген үміт оянды. Құрылтай ғимаратында өткен жиында саяси мәселелерден гөрі әлеуметтік-экономикалық міндеттерге басымдық берілді.

Мемлекет басшысы экономиканы дамыту, инфляцияны тежеу, өндірісті өркендету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңарту және ең төменгі жалақыны көтеру сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі, халықаралық құқықтың әлсіреуі және мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысы туралы да айтты. Осындай күрделі кезеңде еліміз үшін ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен егемендікті нығайту айрықша маңызды. Бюджет тапшылығы да өзекті мәселеге айналып отыр. Үкімет инфляцияны тежеу мен баға тұрақтандыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтқанымен, қарапайым халық күнделікті тұрмыста оның оң нәтижесін әлі толық сезіне қойған жоқ.

Президент 2027 жылды «Жалпыхалықтық құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Сондай-ақ 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру мәселесін айтты. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, биыл жалпы ішкі өнім көлемі 400 миллиард долларға жуықтап, жан басына шаққандағы көрсеткіш 19 мың доллардан асады. Бұл Қазақстанның әлемдік рейтингте 47-орынға көтерілуіне мүмкіндік береді.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы келер жылы «Балқаш» атом электр станциясының құрылысын бастауды, сондай-ақ «Мойынқұм» АЭС құрылысына жедел кірісу мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды тапсырды.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап осы саладағы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу ұсынылды. Сонымен бірге Құрылтай мен Үкіметке келер жылдың соңына дейін Азаматтық кодексті әзірлеу міндеті жүктелді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ауқатты азаматтарға жоғары салық мөлшерлемесін енгізу мәселесі де қозғалды.

Жолдауда әлеуметтік төлемдер жүйесін қайта қарау қажеттігі айтылды. Алайда Президент кез келген реформаны алдымен пилоттық режимде сынақтан өткізіп, содан кейін ғана енгізу керектігін ескертті. Ең бастысы, мұндай өзгерістер қарапайым халықтың тұрмысына кері әсер етпеуі тиіс.

Жолдаудағы барлық бастама мен ұсыныстың түпкі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Демек, реформалардың нәтижесі де осы өлшеммен бағалануы керек.

Мемлекет басшысының: «Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек. Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған нағыз стратегиялық міндет», – деген сөзі ел болашағы алдындағы жауапкершілікті айқын көрсетеді. Расында, бүгінгі реформалардың нәтижесі келешек ұрпаққа қалдыратын мемлекетіміздің қандай болатынын айқындайды.

Бек-Мұхамет БЕКБОЛАТ

Алдыңғы мақала

«Инфрақұрылымдық жаңғыру – ел дамуының жаңа кезеңі»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
826
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
673
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
661
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
587

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.