Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты бұл дәстүрлі Жолдауында ел дамуы үшін мәні зор экономикалық басымдықтарға баса назар аударғаны байқалды. Ақиқатында , бұл бағыттағы істі ілгерілетіп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартудан артық қандай маңызды шаруа бар?! Оның осы тұрғыдағы ой-пікірлері көңілге өте қонымды болды.
Президент атап көрсеткен тоғыз басымдықтың ішінде әсіресе, ауыл шаруашылығы өнеркәсібін дамытуға қолжетімді несие беру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, тариф саясатын әділ жүргізу мәселелерін шешу жайлы ұсыныстары көкейімізден шықты. Жалпы, халықты алаңдатып отырған есірткіге қарсы күрес, әскердегі тәртіп, интернет-алаяқтық және жол-көлік апаттарының жиілеуі сияқты келеңсіз көріністер туралы айтқандары да – құптарлық мәселелер. Тек енді тиісті құрылымдар осы жұмыстарды оңды бағытта орындауға күш салуы керек деп ойлаймын.
Еркін ТҰРЛӘЖІҰЛЫ,
жеке шаруа қожалық басшысы.
Жаркент қаласы