Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жастарды синтетикалық есірткіден сақтайық

20 Мамыр, 2026
Жастарды синтетикалық есірткіден сақтайық
2
БӨЛІСУ
28
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазіргі уақытта бағасы қолжетімді әрі дайындалуы жеңіл синтетикалық есірткі құрсауына шырмалғандардың басым бөлігі жастар болып отырғандығы қоғамды алаңдатуда. Мемлекетіміздің болашағы саналатын жастарды есірткі сияқты ғасыр дертінен сақтау қазіргі күні еліміздегі өзекті мәселеге айналғаны ақиқат.

Ресми статистикаға сенсек, Жетісу облысы бойынша 2026 жылдың бірінші тоқсанында есірткіге қатысты 57 құқықбұзушылық, 28 қылмыс анықталып, құқықбұзушылық 2025 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға, ал қылмыс 16,7%-ға артқан екен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес күрес жүргізілгеніне қарамастан есірткі қылмысын жасау мен есірткі сатып оңай ақшаға кенелемін деушілер саны артуда. Оңы мен солын танымаған жастардың әсіресе синтетикалық есірткі түрлеріне оңай қол жеткізуі артуда.

Жетісу облыстық полиция департаментінің берген ресми дерегінше, есірткі сатумен айналысатындар негізінен алғанда Telegram әлеуметтік желісін пайдаланады екен. Алдымен тауарға онлайн тапсырыс беріледі. Тапсырыс беруші мен саудагер түрлі әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып, есірткіні қай жерден, қай уақытта алатыны жөніндегі нұсқаулықтармен алмасады. Олар көп жағдайда шетелдерде тіркелген болып шығады.

Адамдарды улап, пайдаға батып жатқандар құтылып, оны жасырушылар мен пайдаланушылардың тұтылып, абақтыны толтырып жататыны ақиқат. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 86,3%-ға өсіп, 97 келі 332,36 граммды құраған. 17 мен 30 жас аралығындағы ұсталған 30 азаматтың төртеуі есірткі сатушы екен. Нәтижесінде  есірткі қылмысына байланысты 35 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Есірткілерді жеткізу мен өткізуде озық заманауи технология әдістері қолданылғандықтан полиция департаменті «кибербақылау» бағдарламасын қолданумен 817 веб-сайтты, «Аргус» бағдарламасы арқылы 14 850 шетелдік шотты анықтаған, «Антифорд» бағдарламасымен 5 миллион теңгеден астам сомаға 215 банк шот бұғатталған.

Нашақорлық алдымен жастардың қызығушылығынан туындап, кейін ажырамас серігіне айналуы әбден мүмкін. Нашақорлыққа салынған жан отбасынан, ата-ана мен туыстарынан ажырап, денсаулығынан айырылады және қоғамнан оқшаулана бастайды. Бұрынырақта қалалардағы түнгі клубтарда есірткі сату мен пайдалану орын алса, қазіргі уақытта осы кесапат шалғайдағы ауылдарға да жеткені өкінішті һәм ойландыратын жағдай.

Жастарымызды  осы кесапаттың тырнағына түсіргіміз келмесе тәрбиені отбасынан бастау керек және осы күреске бүкіл қоғам болып жұдырықтай жұмылған жөн. Онсыз қоғамды қатаң заң мен абақты да есірткі атты кесапаттың тұзағынан толық құтқара алмайды.

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ

Алдыңғы мақала

Жетісу облысына – 4 жыл: 4 қазандық іске қосылып, 1 мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда жазғы маусымда 116 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылады

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.