Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысына – 4 жыл: 4 қазандық іске қосылып, 1 мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылды

19 Мамыр, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: 4 қазандық іске қосылып, 1 мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылды
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде Үштөбе, Үшарал, Талдықорған қалалары мен Балпық би ауылында жылу көздерін салу және қайта жаңғырту бойынша 4 жоба іске асырылды. Ал биыл Талдықорған қаласында тағы бір жаңа көшеішілік қазандық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы кезеңде мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылып, олардың тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды. Әлеуметтік саладағы 35 нысан газға көшірілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2022–2025 жылдары Жетісу облысында Балпық би және Қарабұлақ ауылдарында, сондай-ақ Талдықорған, Текелі, Үштөбе және Үшарал қалаларында 33,8 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 45%-ға дейін төмендетілді.

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 10,4 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспарланып отыр. Жоспарланған жұмыстар нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейін 42%-ға дейін төмендету көзделген.

– Биыл Талдықорған қаласында қуаты сағатына 49 Гкал болатын көшеішілік қазандықтың құрылысы жалғасуда. Нысанның дайындығы 60% шамасында. Сонымен қатар жаңа қазандықты толыққанды қосу үшін ұзындығы 2,5 шақырым жылу желілерін салу жобасы қатар жүзеге асырылып жатыр. Жобаны 2026 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ «Береке» коттедж қалашығында қуаты сағатына 17 Гкал болатын қазандық салу көзделуде. Аталған жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, – деді Айдос Бекетаев.

Бұдан бөлек, облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу көзі саналатын «Басқуат» жылу қазандығына түсетін жүктемені азайту бағытындағы шаралар да жалғасып жатыр.

Сөйтіп 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында екі қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, 5,3 шақырым жылу желілері жөнделді. Ал 2026 жылға тағы екі қазандықты күрделі жөндеуден өткізу, 5,5 шақырым жылу желілерін жөндеу, сондай-ақ Ұлттық жоба аясында 4,9 шақырым магистралды желілерді қайта жаңғырту бойынша екі жобаны іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде биылғы жылдың қорытындысы бойынша Талдықорған қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейін 51%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен «Басқуат» жылу қазандығы базасында электр қуаты 84 МВт және жылу қуаты сағатына 70 Гкал болатын газтурбиналық станцияның құрылысы жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңі толық аяқталды. Екінші және үшінші кезеңдерін іске асыру 2026–2027 жылдарға жоспарланған. Жоба жүзеге асқан жағдайда қазандыққа түсетін жүктеме шамамен қосымша 50%-ға төмендейді.

«Жылумен жабдықтау саласындағы тағы бір маңызды жоба Текелі қаласында жүзеге асырылып жатыр. Жеке инвестициялар есебінен ЖЭО-ны жаңғырту және кеңейту жобасы қолға алынған. Жоба аясында жалпы электр қуаты 53 МВт және жылу қуаты сағатына 48 Гкал болатын газтурбиналық станция салу көзделген. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды, ал жобаны толық аяқтау биылға жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде Текелі қаласы үшін қосымша жылу энергиясының резерві құрылып, өңір қосымша электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ЖЭО жабдықтарының тозу деңгейі екі есеге төмендейді», – деді басқарма өкілдері.

Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын газбен жылыту жүйесіне көшіру жұмыстарын жүйелі жүргізу де маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Осылайша, 35 көпқабатты тұрғын үйге 14 блокты-модульді қазандық орнатылып, соның арқасында 1650-ден астам абонент қауіпсіз әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2022 жылдан бері әлеуметтік саладағы 35 нысан газбен жылыту жүйесіне көшірілді.

Атап өтсек, жылумен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және тұрғындар мен әлеуметтік мекемелер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар өңір басшылығының тұрақты бақылауында.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

Алдыңғы мақала

Области Жетісу – 4 года: введено 4 котельных, модернизировано более 1 тыс. км водо-, тепло- и электросетей

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жастарды синтетикалық есірткіден сақтайық

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.