Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Алаяқтан сақтану үшін не істеу керек?

24 Маусым, 2026
Алаяқтан сақтану үшін не істеу керек?
2
БӨЛІСУ
31
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болғанын ескертуде

Ресми дереккөздердің мәліметінше, егде жастағы азаматтар алаяқтардың құрығына жиі ілінуде. Қаскүнемдер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде сыпайы һәм мәдениетті  түрде таныстыра отырып түрлі айлалармен алдап-арбау жолымен азаматтардың сеніміне кіріп олардың жеке мәліметтеріне қол жеткізіп, ақшасын иемденуге тырысуда. Тәртіп сақшылары қазіргі кезде көп тараған алаяқтық тәсілдерді жіпке тізіп берді.

Атап айтқанда, қазіргі кезде төмендегідей жағдайлар жиі орын алуда:

Біріншіден, алаяқтар банк шотынан ақша ұрланғалы жатқанын айтып, оны шұғыл түрде «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіруге тырысады. Ол үшін сілтемелер жіберіп немесе арнайы қосымша орнатуды сұрайды.

Екіншіден, «қауіпсіздік жүйесін жаңарту» деген сылтаумен белгісіз бағдарламаларды жүктеуді ұсынады.  Сондықтан да құпия сөздерді ешқашан да бейтаныс адамға айтпаңыз. Себебі банк қызметкерлері сізден SMS немесе CVV–кодтарды (картаның  артындағы 3 сан) немесе құпия сөзді ешқашан сұрамайтынын әрдайым есіңізде сақтаңыз. Ондай жағдайда бірден телефон тұтқасын қойып, банктің ресми нөміріне (Мәселен, Kaspi-9999, Halyk-5000)  немесе полицияның 102 нөміріне міндетті түрде қоңырау шалыңыз. Ал аталған қосымшалар орнатылғаннан кейін алаяқтар банк деректеріне оңай қол жеткізеді.  Мессенджерлермен (WhatsApp, Teleqram) келетін «Ұтыс ұтып алдыңыз», «Дауыс беріңізші» немесе «Мемлекеттен өтемақы беріліп жатыр» деген күмәнді сілтемелерді ашпауға тырысыңыз.

Сонымен бірге OLX немесе  Instaqram  арқылы тауар сатып алғанда, тауарды қолға алмай тұрып алдын ала төлем жасамаңыз. Air Astana, Halyk Bank немесе ҚазМұнайГаз атынан  «инвестиция жасап, табыс тап» деген жалған видеоларға сеніп, табысқа жедел кенелемін деген оймен ақша аудармаңыз. Мұндай ақпаратты алдымен сол мекемелердің ресми сайтынан алдын ала тексеріп алыңыз.

Ал өзіңіз тарапынан күмән туындаған жағдайда сабыр сақтап, міндетті түрде жақындарыңызбен ақылдасыңыз да банкпен немесе мемлекеттік органдармен тек ресми нөмірлер арқылы дереу байланысыңыз. Осы қарапайым қағидаларды сақтасаңыз өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ететін боласыз.

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ

Алдыңғы мақала

На побережье Алаколя провели масштабную экологическую акцию

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бейбіт Исабаев: «Кадр ауысымдылығы небәрі 3%, яғни республика көлемінде Жетісуда кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр»

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.