Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Бейбіт Исабаев: «Кадр ауысымдылығы небәрі 3%, яғни республика көлемінде Жетісуда кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр»

25 Маусым, 2026
Бейбіт Исабаев: «Кадр ауысымдылығы небәрі 3%, яғни республика көлемінде Жетісуда кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр»
1
БӨЛІСУ
17
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев бірнеше қызметкерді марапаттады. Сол сияқты жас мамандар салтанатты түрде ант берді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаған өңір басшысы:

— Мемлекеттік қызметте қай кезде де адалдық пен біліктілік – мансаптық ілгерілеуге жол ашатын негізгі алғышарт. Сондықтан ең бастысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылдығымен енгізілген «Заң мен тәртіп», «Адал азамат – Адал еңбек — Адал табыс», «Таза Қазақстан» тұжырымдары мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы болуы тиіс.  Өңірде меритократия қағидаты 70% шамасында, кадрлардың ауысымдылығы небәрі 3%-ды құрайды, яғни  республика көлемінде Жетісу облысында кадр тұрақтылығы жоғары деңгейде сақталып отыр. Облысты дамыту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін бәріңізге ризашылығымды білдіремін, – деді Б. Исабаев.

Осы салтанатты жиында мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы Жанар Кубиеваға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі, Ақсу ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы Сәуле Сабырбаеваға, Кербұлақ ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бибігүл Албанбекова, Талдықорған қаласының қаржы бөлімінің басшысы Мадина Ибрагимова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі берілді. Сол сияқты тағы бірқатар мемлекеттік қызметшілерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды.

Мұнан соң биыл іріктеудің бірнеше сатысынан сүрінбей өтіп, мемлекеттік қызметке алғаш рет қызметке тұрған мамандар салтанатты түрде ант берді.

Осы күні марапатқа ие болғандар арасында туристерді судан құтқаруға қатысқан мемлекеттік қызметші Жандос Сақаев та бар. Ол жуырда өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада жүзу спортынан бірінші орын алған.

— Мемлекеттік қызметті 2020 жылы бастадым, қазір туған жерім Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманымын. Биылғы 15 маусымда бізге телефон қоңырауы түсті, онда қатты желдің салдарынан 4 туристің көлдің ортасына қарай жылжып кеткенін жеткізді. Арнайы жасақ қызметкері екеуміз көп ойланып тұрмастан, көлдің ортасындағы туристерге жүзіп бардық. Екеуін жағаға алып шыққан соң құтқарушы жилетін алып қалған екі адамға қайта бардық. Сол уақытта Төтенше жағдайлар құтқарушылары келіп, туристерді аман-есен жағаға алып шықты. Жалпы мемлекеттік қызметкер барлық жағдайға дайын болуы керек, шұғыл шешім қабылдай алуы тиіс, — дейді Ж. Сақаев.

Салтанатты түрде ант берген жастардың бірі Әлия Қатарбекова:

— Мемлекеттік қызмет – аса жауапты іс. Жуырда облыстық жер қатынастары басқармасына бас маман болып жұмысқа тұрдым. Бүгін жас кадр ретінде ел алдында адал қызмет етуге ант бердік. Осы салаға өзінің бар білімімді, қажыр-қайратымды жұмсаймын деп сендіремін, — деді ол.

Осы орайда атап өтсек, өңірлік кадр резервіндегі 20 жас қызметшінің 11-і әр түрлі деңгейдегі лауазымдарды атқаруда.

Алдыңғы мақала

Алаяқтан сақтану үшін не істеу керек?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысына – 4 жыл: 8 жедел басқару орталығы құрылып, полиция қызметі үшін 289 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.4k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
964
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
824
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
806
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
803
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
667
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
646
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
564

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.