Кездесудің мақсаты – қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және отбасы тәрбиесіндегі аналардың рөлін арттыру. Іс-шара барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.










