Орталық алаңында «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасының негізгі қағидаларын кеңінен таныту мақсатында «Qosyl Fest» кешенді жастар фестивалі өткізіледі. Аталған іс-шара жастардың белсенділігін арттыруға, қоғамдық бастамаларды қолдауға және өскелең ұрпақтың ел дамуына үлес қосуына бағытталады.










