Жұма, 5 Маусым, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қарулы күштеріміздің қауқары қандай?

22 Мамыр, 2026
Қарулы күштеріміздің қауқары қандай?
1
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Соңғы жылдары әлемдегі геосаяси жағдай күрт өзгеруіне байланысты мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселеге айналғаны ақиқат. Ресей мен Украина арасындағы, Таяу Шығыстағы дүрбелең, Ауғаныстан мен Пәкістан, Тайланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыстар, ірі державалар арасындағы әлемді қайта бөліске салуға бағытталған жаңа геосаяси текетірес-әлемдегі көптеген мемлекеттердің қорғаныс доктринасын түбегейлі қайта қарауға мәжбүр етуде. Осындай күрделі жағдайда кез келген мемлекет өз армиясының дайындығын жоғары деңгейге көтеруге тырысатыны заңды құбылыс. Сол себепті де Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің нақты жағдайын заман талабына сай ашық айтып, кемшін тұстарын анықтап, жедел шараларды жүзеге асырғанымыз абзал.

 Мықты қару – мықты қорғаныс

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» №745 Жарлығына сай Қазақстан Армиясы құрылды. Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі әскердің саны кейде 80 мың, кейде 110 мың деп екі түрлі дерек алға тартылады. Есептеу тәсілінің салдарынан орын алған жағдай десек қателеспейтін шығармыз. Қарулы күштердің нақты құрамы шамамен 40-45 мың әскер қызметкерден тұрады. Шекара қызметі, Ұлттық ұлан және басқа да әскери құрылымдарды қосқанда бұл сан шамамен 70-80 мыңға жуық болып шығады. Халықаралық есептеу рейтингі бойынша Қарулы күштер мен күштік құрылымдардағы жеке кұрамды қосқанда бұл сан 100-110 мыңды құрайды. Бұл Орталық Азия елдерімен салыстырғанда Өзбекстан Республикасынан кейінгі негізгі әскери күштердің қатарына енеді.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері бес негізгі түрден тұрады. Атап айтқанда олар – Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы, Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері және Арнайы операциялар күштері.

Қарулы Күштер елдің егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғауға және әскер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Құрлық әскерлері қазақ армиясының негізгі бөлігін құрайды. Олар «Астана», «Батыс», «Оңтүстік», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарға бөлінген, әскер тектері (мотоатқыштар, танк, артиллерия) тұрады. Қарулы күштерде мыңнан астам танктің басым бөлігі кеңестік кезеңдегі Т-72 үлгісіндегі танкілер. Сондай-ақ екі мыңнан астам бронды техника, жүздеген артиллериялық жүйелер және бірнеше жүз реактивті залп жүйелері бар. Кеңес Одағынан қалған осы ескі «мұраны» жаңарту және модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. Лицензия арқылы өзімізде құрастырылатын «Арлан» бронды машиналары, «Барыс» бронотранпортері және түрік технологиясымен жасалған Cobra II техникасы армияның мобильдігін қамтамасыз етуге арналған техникалар болып табылады.

Әуе қорғанысы күштері Қазақстан Армиясының ең қуатты түрі саналады. Әскери авиацияның құрамында алпысқа жуық әскери ұшақ, қырыққа жуық әскери тікұшақ бар. Олар көпмақсатты Су-30 СМ, Миг-29 жойғыштары мен Су-25 шабуылдаушы ұшақтары. Сондай-ақ Ми-24, Ми-35 үлгідегі тікұшақтар әуе қорғанысын қамтамасыз етуде. Қазақстанның Әуе қорғаныс күштері Орталық Азиядағы ең қуатты әскери әлеуетке ие деуге болады. Әуе қорғанысы күштері еліміздің әуе кеңістігін қорғауға, әуе шабуылынан қорғанысқа және Армияға авиациялық қолдау көрсетуге арналған.

Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің аумағындағы еліміздің мүддесін қорғайды, теңіз шекараларын күзетуді және теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Десанттық-шабуылдау әскерлері жоғары ұтқырлықпен ерекшеленетін, маңызды нысандарды басып алуға, дұшпан тылында іс-қимыл жасауға арналған.

Арнайы операциялар күштері-арнайы операцияларды орындауға, терроризмге қарсы күреске және қауіп-қатерлерге жедел жауап беруге арналған элиталық бөлімше болын саналады. Сонымен бірге, Қазақстан Армиясының құрамында инженерлік байланыс, РЭБ арнайы әскерлер, тыл және техникалық қамтамасыз ету бөлімдері әскери мақсаттағы қосымша қызметтерді атқарады.

Соңғы жылдары әлемде орын алған соғыстарда жаңа технологиялардың жетістігі-ұшқышсыз ұшу аппараттарының пайда болуы орын алуы себепті Қазақстан Армиясының құрамында барлау мен нысананы анықтап жоюға арналған дрондарды қолдану мақсатындағы жаңа жүйелер пайда болды. НАТО құрамындағы Түркиямен бірлесіп ұшқышсыз аппараттарды өндіру жобалары жүзеге асырылуда. Түркияның озық әскери технология жетістіктерін дер кезінде һәм ұтымды пайдаланған Азербайжан елінің армиясы аз уақыт ішінде негізінен алғанда ескі Кеңестік әскери техникамен жарақталған Арменияның әскери күштерін тас-талқан етіп жеңіп, Таулы Қарабақ пен Азербайжанның ондаған жылдар айырылып қалған аумақтарын өзіне қайтарып алғанын жақсы білеміз. Бауырлас Түркия мемлекеті Азербайжан Армиясынның НАТО үлгісіндегі заманауи әскери техникамен жабдықталуы, озық әскери білім алуы мен дрон өндірісін дамытуға мол мүмкіндіктер жасап берді. Ал, Қазақстанның әскери доктринасы негізінен алғанда қорғаныс сипатында құрылғандығында. Сол себепті де тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі жалғыз ел Қазақстан болды.

Әлемде алпысыншымыз

Құрлықаралық стратегиялық баллистикалық зымыраны мен ядролық қаруы жоқ мемлекеттің бірі – Қазақстан. Қарулы Күштер құрамында тек қана тактикалық зымыран кешендері мен әуе қорғаныс жүйелері бар. Қазіргі алып державалардың ядролық немесе құрлықаралық баллистикалық зымыраны жоқ мемлекеттерге «яролық  немесе химиялық қару жасауда» деген жалған айыптауларды негізге алып әлемге үстемдік жүргізу, олардың қазба байлықтарын иемдену мақсатында түрлі «сылтаулармен» соғыс ашуы немесе қоқан-лоққы жасауы көптеген елдерді қорғаныс доктринасынан бас тартып ядролық қару мен құрлықаралық баллистикалық зымырандар, әскери авиацияны жасауға итермелеп отырғаны белгілі. Мәселен, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттері Қарулы Күштерін заманауи әскери техникалармен жабдықтауға қадам жасауда. Таяу Шығыста АҚШ пен Израиль ядролық қару жасауда деген күдікпен Иранға әскери соққылар жасап, мыңдаған бейбіт ғимараттарды қиратып, бейбіт тұрғындарды ажал құштыруда, ал ядролық қаруы мен баллистикалық зымыраны бар диктаторлық жүйе үстемдік құрған Солтүстік Кореяға сондай жойқын соққы беруден қазірше аяқтарын тартуда.

Армияның жауынгерлік дайындығын пысақтау мақсатында Қазақстан Қарулы күштерінде десанттық бөлімшелер мен арнайы күштердің әскери оқу-жаттығулары жүйелі түрде өткізілуде. Әскери бөлімдердің тактикалық дайындығын көтеру мақсатында халықаралық  деңгейдегі әскери оқу-жаттығуларға бөлімшелерді қатыстыра отырып тәжірибе жинақтауда да оң үрдіс байқалуда. Сарбаздарымыз Біріккен Ұлтар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қатысып, Халықаралық қауымдастықтың ыстық ілтипаты мен сеніміне ие болуда.

«Жаным – арымның садағасы» деген айбарлы, намысты халқымыздың бір бөлігі болып табылатын айбынды Армиямыз ата-бабамыздың ерлік дәстүрін қазіргі күні лайықты жалғастыруда. Қазақстан қорғаныс саласына жыл сайын шамамен екі миллиард доллар шамасында қаржы бөлуде. Соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібін дамытуға, әскери кадрларды даярлауға, жаңа әскери техника сатып алу мен бар техниканы модернизациялауға кететін шығындар өсуде. Ұлттық әскери кадрларды даярлауға көп көңіл бөлініп келеді. Заман талабына сай цифрлық әскери технологияларды игеру, дрондар мен байланыс жүйелерін, жалпы әскери техниканы барынша жетілдірмейінше әскердің әлеуетін арттыру мүмкін емес.

Еліміздің егемендігі мен жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қуатты Армиямыз болуы шарт. Бейбітшілікті сақтаймыз десек әскеріміз кез келген қауіп-қатерге сақадай сай дайын тұру заман талабы екенін естен шығармаған абзал.

Global FirePower (GFP) сараптама орталығының есебі бойынша Қазақстан Армиясы әскери әлеуеті жөнінен әлемде 60-орында, ал 2025 жылы Орталық Азия елдері арасында көшбасшы ретінде бір сатыға жоғарылаған екен.

Қазақстан Армиясының басты мәселелер:

— әскери техника, қару-жарақ, оқ-дәрі жағынан сыртқа тәуелділіктің басым болуы (дереккөз — kaznuz.kz);

— кейбір әскери бөлімдердегі тұрмыстық жағдай мен әлімжеттік оқиғаларының орын алуы;

— келісімшарттағы әскери қызметшілердің жетіспеушілігі;

— мемлекеттік тілді білмейтін әскери басшылардың болуы;

— қарулы күштегі басшылардың жиі ауысулары.

2026 жылы әскерге қанша адам шақырылады?

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтың айтуынша, 2026 жылы елімізде екі мерзімді (көктемгі-күзгі) әскерге шақыру науқанында 20 мыңнан кезең-кезеңімен адамды әскерге шақыру жоспарланған. (дереккөз ҚазТАГ). Қарағанды кз. дерегінше 43 мыңнан астам.

Қорыта айтқанда, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту – мемлекеттің басты міндеті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Армиямыздың күш-қуаты жауынгерлік рух пен темірдей тәртіпке тікелей байланысты. Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз-елдегі қауіпсіздік пен тыныштық кепілі», – деп атап көрсеткеніндей қаһарман ата-бабамыздан асыл мұра ретінде қалған жоғары жауынгерлік рух, ерлік дәстүр мен темірдей тәртіп, қазақстандық патриотизм, Отансүйгіштік, адалдық пен әділдік салтанат құрса, армиямыз айбынды, тәуелсіздігіміз баянды, қорғанысымыз берік болары анық.

Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ

Алдыңғы мақала

Жер – еңбек еткенге

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Halyk Әуені» туры аясында жергілікті тұрғындар мен сарбаздарға концерт ұсынылды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.9k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
806
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
803
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
785
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
662
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
640
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
552

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.