Сәрсенбі, 4 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстан — Еуразияның көлік көпірі

28 Қазан, 2026
Қазақстан — Еуразияның көлік көпірі
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту мәселесіне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымын дамыту, әуежайлар құрылысын жүргізу және халықаралық транзиттік тасымалдарды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазір елімізде бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай ауқымды жобаларды бір мезгілде жүзеге асыру Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларын іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар келесі жылы әлемдегі ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежай құрылысын бастау жоспарланған.

Мұның бәрі еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық бағыттардағы тасымал көлемін арттыруға жол ашады. Еуразияның ортасында орналасқан Қазақстан үшін транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану – экономиканы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Еуропа мен Азияны жалғайтын көлік дәліздерінің дамуы сауда-саттықты жандандырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық кәсіпкерліктің өркендеуіне де ықпал етеді.

Мемлекет басшысы бұл міндеттерді орындау үшін көлік саласын, соның ішінде халықаралық бағыттарды толық цифрландыру қажеттігін атап өтті. Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүк құжаттары арқылы басқару тиімсіз екенін айтқан Президент заманауи технологияларды кеңінен енгізудің маңызын жеткізді. Көлік қатынастарын цифрландыру жүк қозғалысын бақылауды жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге, құжат айналымын жеделдетуге және тасымалдардың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

– Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі. Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл міндеттердің Панфилов ауданы үшін де маңызы зор. Қытаймен шекаралас орналасқан ауданымыз халықаралық сауда мен транзиттік қатынастардың дамуында өзіндік орын алады. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Алтынкөл» теміржол өткелі және құрғақ порт арқылы жүзеге асатын жүк тасымалдары өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етіп келеді. Сондықтан еліміздің көлік инфрақұрылымын жаңғыртуы мен халықаралық тасымалдарды цифрландыруы Жетісу облысы мен Панфилов ауданының дамуына да тың серпін беруі мүмкін.

Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік хабына айналуы тек ірі әуежайлар мен теміржол желілерін салумен шектелмейді. Ол үшін шекаралық өткелдердің тиімді жұмыс істеуі, жүк тасымалының жылдамдығы, заманауи логистикалық қызметтер және цифрлық технологиялардың қолжетімділігі қатар дамуы қажет. Осындай жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асқанда ғана еліміздің географиялық орналасуы нақты экономикалық артықшылыққа айналып, оның игілігі өңірлер мен халықтың тұрмысынан көрініс табады.

Қали Ибрайымжанов,
«Жаркент айнасы» газеті бас редакторының

орынбасары, тарихшы, өлкетанушы

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Қазақстан экономикасының көлемі жағынан әлемде 47-орынға көтерілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ауыл шаруашылығы: өнімді өңдеу мен қаржыландыру маңызды

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
970
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
836
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
819
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
808
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
654
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
579

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.