Сәрсенбі, 4 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Ауыл шаруашылығы: өнімді өңдеу мен қаржыландыру маңызды

28 Қазан, 2026
Ауыл шаруашылығы: өнімді өңдеу мен қаржыландыру маңызды
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, өнімді терең өңдеу және шаруаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл міндеттер Жетісу облысы, соның ішінде Панфилов ауданы үшін де маңызды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту қажеттігін атап өтті.

«Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән берген жөн. Қазірдің өзінде бұл бағытта табысты жобалар бар. Мәселен, Қызылорда облысының шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оны өңдеумен айналысады. Ал Түркістан облысында қытай компаниясы суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластерін құрып жатыр. Үкімет осындай озық тәжірибелердің ел аумағында кең тарауына жағдай жасап, инвесторларға уақтылы қолдау көрсетуі керек», – деді Президент.

Ауыл шаруашылығын дамытуда қаржыландырудың да орны ерекше. Президенттің айтуынша, жеңілдетілген шарттармен берілетін қаржы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 триллион теңгеден 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Дегенмен қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналымдағы қаржыны толықтыруға жұмсалып отыр.

«Дегенмен бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналымдағы қаражатты толықтыру үшін жұмсалып отыр. Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек. Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мал шаруашылығын да заманауи тәсілдермен дамытудың маңызын атап өтті.

«Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басшылыққа ала отырып, елімізде 71 тауар-сүт фермасы іске қосылды. Бұл фермаларда жыл сайын 462 мың тоннадан астам сүт өндіріледі.

Ақмола облысында шетелдің озық тәжірибесіне сай ет кластері құрылып жатыр. Осындай жобаларды қолдауға болады, қажетті жағдайда қаражат та бөлу керек», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл міндеттердің Панфилов ауданы үшін маңызы зор. Аудан жүгері өсірумен қатар, оны өңдеу бағытында да мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. 2025 жылы мұнда 23,1 мың гектар алқаптан 182,5 мың тонна дәндік жүгері жиналды. Өңдеу кәсіпорындарының дамуы жергілікті өнімнің қосылған құнын арттырып, шаруаларға тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта егіншілік пен мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу, суды үнемдеу, өнімді терең өңдеу және ұзақ мерзімді инвестиция тарту мәселелерін қатар қарастыру қажет. Әсіресе шаруаларға қолжетімді әрі тұрақты қаржыландыру тетіктерінің болуы жаңа техника алуға, өндірісті жаңғыртуға және ауқымды жобаларды жоспарлауға жол ашады.

Жетісу облысы мен Панфилов ауданының аграрлық әлеуетін толық пайдалану үшін мол өнім алумен шектелмей, оны өңдеп, дайын тауарға айналдыруға басымдық берген жөн. Бұл ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының табысын ұлғайтуға ықпал етеді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ,

Қазақстанның Құрметті журналисті

Алдыңғы мақала

Қазақстан — Еуразияның көлік көпірі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2027 жыл – жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
970
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
836
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
819
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
808
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
654
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
579

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.