Жұма, 17 Сәуір, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады

9 Сәуір, 2026
Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы — Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы — OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hubмен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру бағдарламасын бастайды.

Бұл — академиялық тәжірибе мен практикалық қолдануды ұштастырған, Орталық Еуразия өңірі үшін жасалған жасанды интеллект саласындағы көшбасшыларды даярлайтын ең ірі корпоративтік бағдарлама. Негізгі ұйымдастырушылардан бөлек, ЖИ-агенттері мен цифрлық шешімдерді жасауға мүмкіндік беретін Lovable және CAYU платформалары, сондай-ақ Назарбаев Университеті жанындағы Интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жобаның серіктестері болып табылады.

Бағдарламаның академиялық жетекшісі — Stanford University HAI профессоры, ЖИ туралы әлемдік бестселлер авторы, Google Research-тің экс-директоры және ҚР Президенті жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі Питер Норвиг. Оның жетекшілігімен оқу материалы біздің өңірдің ерекшеліктеріне барынша бейімделген.

Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев:

«Мемлекет басшысының экономиканың барлық секторына жасанды интеллектіні енгізу туралы тапсырмасын орындай отырып, біз тәжірибелік өзгерістер кезеңіне көшеміз. Бағдарлама қорытындысы бойынша Stanford University HAI сараптамасына және OpenAI Academy технологияларына сүйене отырып, әрбір қатысушы өз ұйымы үшін қолданбалы ЖИ-стратегиясын жасайды. Бұл әрбір компанияның цифрлық трансформациясы бүкіл елдің технологиялық көшбасшылығы мен табысының негізіне айналатын басқарудың жаңа моделінің іргетасын қалайды» — деп атап өтті.

Оқу 8 сәуірде басталады, ол интенсивті live-сессиялары форматындағы 30 сағаттан астам оқуды қамтиды және кең аудитория үшін озық білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі аудармамен сүйемелденетін болады.

Оқыту мақсатты модель бойынша құрылған: компаниялар командалармен қатысады, бұл орта буыннан жоғары басшылыққа дейінгі негізгі басқарушы рөлдер деңгейінде құзыреттерді кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама аясында әрбір ұйым нақты бизнес-міндеттер мен процестерге бағытталған өзінің жеке ЖИ-стратегиясын әзірлейді. Бұл Мемлекет басшысы қойған экономиканың барлық негізгі секторларына ЖИ-ді жүйелі енгізу міндеті тұрғысынан өте маңызды. Мұндай жағдайда ірі компаниялар мен институттардың жекелеген құралдарды сынап көруден күтілетін тиімділікті анық түсіне отырып, тұтас ЖИ-стратегияларын қалыптастыруға көшуі өте маңызды.

Қатысушылар арасында өңірдегі 150-ге жуық ірі ұйымның басшылары, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері, соның ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» ұлттық холдингтері және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, сондай-ақ экономиканың жетекші компаниялары: Halyk Bank, Freedom Holding, Kaspi.kz, BI Group, Astana Motors, Beeline, Kcell, Bazis-A, «Қазмырыш», Transtelecom, Lancaster Group және басқалары бар.

Оқыту әдістемесі компанияларға ЖИ-ді түсінуден бастап оны іс жүзінде енгізуге дейінгі жолдан дәйекті түрде өтуге мүмкіндік беретін үш сатылы дайындық жүйесіне негізделген. Алдымен қатысушылар Stanford University HAI-мен бірге ЖИ-дің негізгі принциптерін, технологиялардың шектеулерін және олардың бизнес-процестер мен басқаруға әсерін зерделей отырып, академиялық негіз қалайды. Содан кейін OpenAI Academy-мен ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге көшеді — prompt engineering-ті, модельдерді пайдалануды және ЖИ-ді нақты міндеттерде қолдануды меңгереді. Финалдық кезең ЖИ-агенттері мен қолданбалы шешімдерге арналады: CAYU және Lovable-мен бірге командалар бизнестегі және негізгі салалардағы ЖИ-жүйелерін әзірлеуді және қолдануды үйренетін болады.

Мұндай бағдарламалар негізінде біз ЖИ-трансформациясын басқаруға және экономика мен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті құзыреттері бар көшбасшылардың жаһандық қоғамдастығын қалыптастырамыз. Бағдарлама әртүрлі елдердің қатысушыларын біріктіріп, ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Бағдарлама тыңдаушылары арасында Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Катар елдерінің өкілдері бар.

«Біздің мақсатымыз — өңірге ЖИ саласындағы озық білімге және жаһандық технологиялық экожүйелерге тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету. Біз қатысушылары білімді бүгінде индустрияны қалыптастырып жатқан және оның болашағын айқындайтындардан алатын  бірінші мамандардан ала алтын бағдарламалар жасаймыз. Осылайша, Орталық Еуразия жаһандық технологиялық және ЖИ-экожүйесінің көрнекті және белсенді мүшесіне айналады», — деп атап өтті Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы және бас директоры Әсет Әбдуалиев.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар Stanford University HAI ресми сертификатын алады және Орталық Еуразиядағы ең ірі ЖИ-қауымдастығының мүшесіне айналады. Бұл бастама кадрларды даярлаудың кешенді жүйесінің негізгі буыны болып табылады: естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы еліміздің 1 миллионға жуық азаматы цифрлық сауаттылық бойынша базалық оқудан өткенкен болатын. Жүйелі жұмыс барлық деңгейде — TUMO Astana және Tomorrow School жастар орталықтарынан бастап, AI Sana студенттік бағдарламаларына, мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet арнайы жобаларына және AI Governance 500 бағдарламасы бойынша мемлекеттік секторда ЖИ-офицерлерін даярлауға дейін жүргізіліп, елдің технологиялық дамуы үшін сараптамалық базаны қамтамасыз етуде.

Алдыңғы мақала

Қазақстан жаһандық білім рейтингінде ТОП-20 қатарына енді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Биыл облыста 67 жаңа нысан пайдалануға беріледі

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
949
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
798
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
795
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
759
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
658
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
631
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
550

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.