Сәрсенбі, 11 Қараша, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10 Қараша, 2026
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан 37 сатыға озып шықты. Соңғы екі жылда Қазақстанның көрсеткіші 1,6 пайызға жақсарған. Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеу нәтижелері Visual Capitalist басылымы жариялаған әлемнің жаңа туристік картасында көрініс тапты.

Қазақстан жеті балдық жүйе бойынша 4,09 балл жинаған. Ал Өзбекстан 3,69 баллмен 76-орынға, Қырғызстан 3,44 баллмен 93-орынға жайғасқан.

Әлемдік рейтингте Қазақстан Филиппин, Әзербайжан, Оман, Мысыр және Марокко секілді мемлекеттерден жоғары тұр.

Қазақстанның көрсеткіштері қалай өзгерді?

Travel & Tourism Development Index 2026 есебіне сәйкес, Қазақстанның туристік әлеуетін бағалау көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға өскен. Ал 2019 жылмен салыстырғандағы өсім 2,4 пайызды құрады.

Зерттеу авторлары көрсеткіштердің өзгерісін есептеу кезінде бастапқы деректердегі түзетулерді ескеру үшін өткен жылдардың мәліметтерін де қайта есептеген.

Рейтингті Дүниежүзілік экономикалық форум Zurich Insurance Group сақтандыру тобымен бірлесіп әзірлеген. Зерттеудің түпнұсқа есебі 2026 жылдың қыркүйегінде жарияланған.

Зерттеу барысында туризмді дамытуға қолайлы жағдайлар, соның ішінде көлік қатынасы, қауіпсіздік, қонақүй инфрақұрылымы, табиғи және мәдени көрікті орындар бағаланған.

Мамандар барлығы 17 бағыт бойынша 102 көрсеткішке талдау жүргізген.

Айта кетейік, бұл рейтинг елге келген туристердің нақты санын немесе туризм саласынан түскен табысты көрсетпейді. Ол мемлекеттердің тұрақты туризмді дамытуға қаншалықты қолайлы жағдай қалыптастырғанын бағалайды.

Әлемдік рейтингте қай елдер көш бастады?

Әлемдік рейтингтің бірінші сатысына 5,27 балл жинаған Жапония орналасты. Екінші орынды 5,23 баллмен АҚШ иеленсе, 5,22 балл жинаған Испания үздік үштікті түйіндеді.

Алғашқы бестікке Австралия мен Франция да енді. Одан кейінгі орындарға Германия, Ұлыбритания, Қытай, Швейцария және Италия жайғасты.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, соңғы жылдары әлемде туризм саласының дамуы жеделдеген. 2024-2026 жылдар аралығында зерттеуге қатысқан елдердің 92 пайызында туристік даму көрсеткіштері жақсарған.

Әлем бойынша ең елеулі өзгерістер мәдени көрікті орындарды дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, қонақүй қызметінің сапасын арттыру және әуе қатынасын кеңейту бағыттарында байқалған.

Туризм әлемдік экономикаға триллиондаған доллар табыс әкеледі

Есепке сәйкес, 2025 жылы халықаралық туристік сапарлар саны рекордтық көрсеткішке жетіп, 1,5 миллиардты құраған.

Саяхат және туризм саласының әлемдік экономикаға қосқан жалпы үлесі 11,6 триллион долларға жеткен. Сонымен қатар бұл салада 366 миллион адам жұмыспен қамтылған. Бұл әлемдегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны туризммен байланысты екенін көрсетеді.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта туризмнің одан әрі дамуы көлік қатынасының қолжетімділігіне, қызмет көрсету сапасына, білікті мамандар даярлауға, сондай-ақ табиғи және мәдени мұраны сақтай білуге байланысты болады.

Осылайша, зерттеуге енгізілген Орталық Азияның үш мемлекеті арасында Қазақстан туризмді дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру бойынша көш бастап тұр.

Еске салсақ, Қазақстан өмір сүру және бизнеске қолайлы 50 елдің қатарына енді. Қазақстан халықаралық Best Countries 2026 рейтингінде өмір сүру және бизнес жүргізу мүмкіндіктері бойынша 44-орынға ие болды.

https://baq.kz/qazaqstan-ortalyq-aziyada-turizmdi-damytu-zhonindegi-alemdik-reytingte-kosh-bastady-320053278/

Алдыңғы мақала

Тоғыз жолдың торабындағы тарихи мүмкіндік

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Рост экономики Казахстана за 10 месяцев составил 4,5%

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
4.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.5k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
972
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
839
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
823
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
809
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
671
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
660
Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

Жаркент өңірінің өзендері мен көлдері

19 Қараша, 2022
585

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.