Жұма, 24 Наурыз, 2023
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» Жаркент өңіріне тың серпін бермек

26 Қараша, 2022
«Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» Жаркент өңіріне тың серпін бермек
1
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жуырда облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында қолға алынған «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» технопаркі құрылысының жобасын бастаған инвесторлармен онлайн-режимде кездесу өткізді. Іскерлік жиын барысында тараптар індет кезінде тоқтап қалған жобаның іске асырылу жұмыстарын қайта жандандыру мәселесін талқылады. Сонымен қатар екі тарап жыл соңына дейін жобаға қатысты іс-шаралар мен олардың нақты мерзімі көрсетілген екі жақты меморандумға қол қоюға келісті, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Инвестор-компанияның кездесуге қатысқанына ризашылығын білдірген облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы өңірді дамытудың стратегиялық маңызды нүктесі екенін атап өтті. Бұл – Қытаймен, Еуразиялық Одақ елдерімен, Орта Азия және Оңтүстік Кавказ елдерімен арадағы тауар легі тоғысында орналасқан ірі көлік-логистикалық хаб. Қазіргі қалыптасып отырған геосаяси жағдайлар мен логистикалық шектеулерді ескергенде, бұл хабқа деген сұраныс күрт артып отыр.
Б. Исабаевтың айтуынша, бүгінгі күні Арнайы экономикалық аймақтың бірыңғай реестрінде жалпы құны бес жүз млрд. теңге болатын жобалары бар 34 қатысушы тіркелген, соның ішінде 48,4 млрд. теңге болатын 11-і іске асты.

– «Hubei Kelison» индустриалды паркі құрылысының жобасы, 2020 жылдан басталған «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» деп аталатын өндірістер мен логистикалық қызметті ұйымдастыру ісі ойдағыдай жүрмей отыр. Біз екі жылға созылған коронавирус індеті кезіндегі шектеулердің жобаны іске асыруға кері әсерін тигізгенін жақсы түсінеміз. Қазір әлемде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Әзірге индустриалды парк салу жобасына қатысты негізгі жұмыстар небары 10% шамасында ғана орындалды. Бұдан бөлек, жеке қаражат есебінен жол және инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу жоспарланған. Жұмыстың межеленген ауқымын және жобаны іске асыру мерзімі 2025 жылдың қазанына дейін деп белгіленін ескерсек, бүгінге дейін өткізіп алған уақыттарымыздың орнын толтыру өте маңызды. Біздің алдын ала жасалған келісімдерімізге сәйкес жобаны қайта жандандыруға қатысты іс-шаралар мен олардың нақты мерзімі көрсетілген екі жақты меморандумға осы жылдың соңына дейін қол қоюды ұсынамын, – деді Б. Исабаев.

Өз кезегінде «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласының» төрағасы И Фацзюнь облыс басшысына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, жобаға қатысты жұмыстардың жалғасып жатқанына сендірді. Атап айтқанда, технопарктің бас жоспары дайын, ішкі жобалары дайын, қытай компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізілуде.

– Ең алдымен жобаға жан-жақты назар аударғандарыңызға алғыс айтамыз. Осыдан екі ай бұрын «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА өкілдерімен осы жобаның бағыттарын бірлесіп талқыладық. Жобаны жандандыру үшін келесі айда сіздерге барып, ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға дайынбыз. Біз өз тарапымыздан жұмыс барысында туындаған әкімшілік мәселелерді дер кезінде шешіп отыру үшін меморандумға сіздерден логистикалық орталықтың филиалын құру туралы тармақ қосуды ұсынамыз, – деді ол.

Мұндай филал құруға болатынын айтқан Бейбіт Исабаев екі тараптан да жұмыс тобын жасақтауды ұсынды. Бұл топ жоба шеңберінде күнделікті өзара байланысып отырмақ. Мұндай жұмыс жобаның іске асырылу қарқынына оң ықпал етері анық. Сол сияқты облыс әкімі Қытай делегациясының жұмыс сапарына дейін тағы бір мәрте онлайн форматта жиын өткізіп алу қажеттігін айтты.

– Жобаны іске асыруды жылдамдату туралы ойымыз бір жерден шыққаны қуантады. Біздің облысқа жұмыс сапары барысында екі жақты меморандумға қол қоямыз. Сондай-ақ біз өз тарапымыздан «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында өндіріс саласы бойынша және біздің облыс пен Сямэнь қаласының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық форумды ұйымдастыруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі онлайн кездесуіміз мазмұнды болды. Ынтымақтастығымыз нәтижелі болады деп сенемін, – деді Б.Исабаев.

Еске салсақ, «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасы Қазақстан-Қытай индустриалды-инновациялық ынтымақтастық жобаларының тізіміне енгізілген. Сонымен бірге оның екі ел үкіметтері арасындағы «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» құрылысын жүзеге асырудағы маңызы зор. Инвестордың жеке қаражаты есебінен 65,5 млн. теңгеге жол және инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу жоспарланған. Инвестицияның күтілетін жалпы көлемі – 330 млрд. теңге.

Алдыңғы мақала

Заманына қарай маманы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысы жайқала түспек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
688
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
677
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
483
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
464
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
365
Қорғас қырғыны

Қорғас қырғыны

19 Сәуір, 2022
364
Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

Қазаққа қорған болған Жұмабек мерген

26 Қараша, 2022
276
Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

Алмас ТОҚСАНБАЙ, PhD доктор, тарихшы ғалым: Біз өзгелер үлгі алатын ұлтқа айналуымыз керек

22 Қазан, 2022
267
Суан Назар батыр қайда жерленген?

Суан Назар батыр қайда жерленген?

21 Наурыз, 2023
229

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.